Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

416 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ақпараттық ашықтық қағидаты – ҚР Ұлттық Банкінің қызметіндегі басымдықтардың бірі. Қаржы реттеушісінің басшылығы нарыққа қатысушылармен және қаржылық қызметтерді тұтынушылармен тұрақты байланыста болу үшін ауқымды құралдар тізбесін пайдалануда.

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

ҚР Ұлттық Банкінің төр­ағасы Данияр Ақышев 2017 жылдың күзінде Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде сөз сөйлеген кезде өзі басқаратын ведомство жұмысында жүйелілік, айқындық және болжамдылық сияқты қағидатты қатаң түрде ұстанатынын мәлімдеді. Бұл ретте айқындық пен ақпарат­тық ашықтық сәнге еру ретінде емес, прагматикалық практикалық пайымдауға орай негізгі басымдық болды. Қаржы нарығына кәсіби қатысушыларда және халықта ақпараттың жетіспеушілігі нарықта дүрбелең тудырып, тұтынушылық жағдайға, ол арқылы айырбастау бағамына, депозит нарығына және басқасына әсер етуі мүмкін. Данияр Ақы­шев­тың айтуынша, орталық банктің айқындығы астарында қабылданатын шешімдердің негізінде жатқан факторларды нақты түсіндіру бар. Бұл орталық банк пен экономика субъектілері арасындағы ақпараттық ассиметрияны төмендетуге және оларда оңтайлы күтулер қалыптастыруға жағдай жасайды. Орталық банктің ақпараттық ашықтығы және нарыққа қатысушылардың кейінгі іс-қимылдары туралы хабардар болуы жоғары болған сайын, экономика субъектілерінің ақша-кредит саясатына сенімі соғұрлым жоғары және инфляциялық күтулері төмен болатыны бұрыннан белгілі.

 «Біз ақша нарығындағы операциялар туралы, оларды қандай да болмасын жағдайда пайдалану негізділігі, ықтимал тәуекелдер мен нәтижелер туралы ақпаратты жария етеміз. Бұдан басқа, нарыққа өз саясатының бағыты туралы белгі бере отырып, базалық мөлшерлемеге қатыс­ты кейінгі іс-қимыл туралы бағ­дар береміз, валюта нарығы бо­йынша ақпаратты жариялап, он­дағы іс-әрекетті жария етеміз. Ұлт­тық Банктің операциялары ашық, бұл халық үшін де, нарыққа қатысу­шылар үшін де маңызды, себебі теңгенің айырбас бағамы түрлі ақпаратқа аса сезімтал болып қалу­да. Бұл орайда тек ахуал ту­ралы біздің түсінік беруіміз, банк­тердің клиенттер арасындағы түсіндірме жұмысы ғана емес, қоғаммен жүйелі пікір алмасу да маңызды», деп атап өтті Данияр Ақышев.

Ұлттық Банк өзінің ақпарат­тық жұмысында түрлі аудиториялармен жүйелі түрде пікір алмасады. Тұрақты түрде өткізілетін баспасөз конференциялары мен БАҚ-тағы сұхбаттар халықтың ауқымды топтарына ақпарат жеткізуге бағытталса, сарапшылармен өткізіліп отырған кезде­сулер кәсіби қоғамдастық тарапынан туындайтын кез келген сұрақтардың жауабын алуға мүмкіндік береді.

Халықпен тұрақты ақ­па­рат­тық өзара іс-қимылдың маңыз­ды­лығын түсіне отырып, ҚР Ұлттық Банкі «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасын әзірледі, ол кез келген пайдаланушыға өте қысқа мерзімде Ұлттық Банк­тің құзыретіне жататын бүкіл мәсе­ле­лер бойынша ең өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«ҚҰБ Online» қосымшасы реттеу­шіден жаңалықтар мен өзге ақпаратты жедел алуға мүмкіндік бергеннен басқа, Ұлттық Банктің мамандарымен «кері байланыс» орнатуға тиімді тәсіл болып табылады. Қосымшаның интерактивті функционалы пайдаланушылар үшін барынша танымал, себебі сұрақтар қою және онлайн режімде түсініктеме алу мүмкіндігін береді. Қазақстандықтардың негізгі сұрақтары екінші деңгейдегі банк-
тер беретін кредиттерге, сондай-ақ банкноттар мен монеталарға қатысты. Өтініштердің едәуір бөлігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған. Осы жерде кез келген азамат егер оның қаржылық қызметтерді тұтынушы ретіндегі құқықтары бұзылды деп санаса, шағым бере алады.

Сонымен бірге Ұлттық Банк «ҚҰБ Online» мобильді қосым­ша­сының көмегімен алынатын ведомство мамандарының консультациялары ақпараттық-түсіндірме сипатында екендігін еске салады. Егер пайдаланушыға реттеушінің ресми жауабы қажет болса, бұл жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделгендей, Ұлттық Банкке өтініш жасау керек.

Бүгінгі күні қосымшадағы ақпарат мынадай бөлімдер бойынша ыңғайлы орналастырылған: «Банкноттар мен монеталар», «Депозиттер бойынша кепілдік», «Коллекторлық агенттіктердің қызметі», «Қаржылық қыз­мет­терді тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғау», «Алтын құй­малар», «Ипотекалық кредиттер», «Айырбастау операциялары», «Банктерде қызмет көрсету», «Төлемдер», «Банкоматтардың жұмысы», «Жұмысқа орналасу», «Басқа да». Таяу күндері «ҚҰБ Online» қосымшасында арнайы бөлім пайда болды, онда ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышевқа 22 ақпанға жоспарланған онлайн-конференция шеңберінде сұрақ қоюға болады. Қазақстандықтар үш сағат бойы онлайн-режімде Ұлттық Банктің қызметі, жүр­гізіліп отыр­ған ақша-кредит сая­саты, қаржы­лық қызметтер са­ла­сындағы құ­қық­тарды қор­ғау туралы сұрақ­тарға және бас­қа да көптеген мәсе­лелер бой­ынша жауаптар ала алады. Бұдан басқа, ҚР Ұлттық Банкінің басшысына сұрақтарды іс-шараның ақпараттық серіктесі – «Kazinform» халықаралық ақпараттық агент­ті­гінің сайтында, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің Facebook пен Instagram-дағы ресми парақшаларында онлайн-кон­фе­­рен­цияның аңдатпаларына түсі­нік­темелерде қоюға болады.

Youtube-та көрсетілетін онлайн-конференция шеңберінде ең қызықты сұраққа конкурс жарияланды. Ұлттық Банк басшысы сұрақтың өзектілігін, дұрыс әрі сауатты қойылуын назарға ала отырып, жеңімпазды өзі жариялайды.

«ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының App Store және Play Market дүкендерінде тиісінше iOS және Android платформаларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде көшіру үшін қол­жетімді екендігін еске саламыз.