16 Ақпан, 2018

Отбасы академиясы

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде отбасы құндылықтарын нығайту және демографиялық саясат мәселелерін тереңдету ісінің мәні мен маңызы жоғары. Сонымен бірге бүгінгі отбасын құрған жастар арасында ажырасу деректерінің көптігі алаңдатпай қоймайды.  

 

Отбасы академиясы

Мұндай теріс демо­гра­фиялық көріністің алдын алу мәселелері қоғамдағы жұрт­шы­лықты ойлан­дыруға тиіс. Ай­талық өткен жылы Ақтө­бе облысында 7000-ға жу­ық жұп отбасын құрса, соның 2600-ден астамы ажырасып үлгер­ген. Сөз жоқ, бұл – өте алаң­да­тар­лық мәселе.

– Ерлі-зайыптылар өзара келісім мен ортақ түсіністікке келе алмай, екі жаққа кеткенде ең алдымен балалар жапа шегеді. Бұл жайт өз кезегінде отбасы проблемалары мен түйін­дерін бір жүйе мен ізге кел­­тіруге септігін тигізе алатын арнаулы ор­талықтың қа­жет екенін көрсетеді. Сон­дықтан да биыл өңірде «От­басы академиясы» жобасы жү­зеге асуда. Оның қыз­метіне бірінші кезекте психолог мамандар мен медиаторларды мейлінше көбірек тарту көзделген, – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев. 

Оның мәлімдеуінше, оған түрлі түсінбеушіліктер мен келеңсіз жағдайдарға тап болған ерлі-зайыптылар ғана емес, үйленуді немесе тұрмыс құруды ойластырып жүрген болашақ шаңырақ иелері де тартылмақ. Болашақ ата-аналар мектебі де аталған «Отбасылық академия­сы» жобасы аясында жұмыс істемек. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ