Қазақстан • 19 Ақпан, 2018

Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмауы тиіс

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында баспанамен қамту көрсеткішін 2030 жылы бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге жеткізу міндетін қойды.

Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмауы тиіс

azattyq.org

Осыған орай, төмендегі мәселенің өзектілігін атап өту қажет деп санаймын. Бүгінгі күні рес­пуб­­ликамыздың көптеген қалаларында «апат­тық» жағдайда деп танылған үйлер баршылық. «Апаттық» деп танылған үйлердің тұрғындары жергілікті атқарушы органдарда тұрғын-үй алу кезегіне тіркелген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға апатты жағдайда деп танылған үйлерде тұрып жатқан азаматтардың от­басыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мін­деті жүктелген. Бірақ бұл мәселені шешуде қолданыстағы заңнама әлі толық шешім жасай алмайды. Өйткені апатты жағдай деп таныл­ған үйдегі азаматтар тұрғын үй алу кезе­гіне әртүрлі мезгілде тіркелген. Егер апатты үй күт­­п­еген жерден жарамсыз болып, істен шықса тұр­­ғындардың бәрі бірдей үй ала алмай, жар­тысы баспанасыз қалады. Мысалы, қос қа­бат­ты тұрғын үйде 18 отбасы тұрып жатыр де­лік. Олар­д­ың тұрғын үйге тіркелу кезегі әр­түр­лі, бірін­ші тіркелген отбасыларды тұрғын үй­мен қам­та­­масыз ету мүмкіндігі болса, соңғы тіркел­ген от­ба­сының кезегі 10 жылдан соң келуі мүм­кін. Тұр­­ғындар он жылды күте алмайды ғой, де­мек апат­­тық тұрғын үйдегі азаматтардың бар­­лы­ғын бір мезетте тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан мен Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаевтың атына апаттық жағдай­дағы үйлерді жою мақсатында, тұрғын үй құрылысын «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бір бағыты ретінде енгізу туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер қарастыруды ұсынып, депутаттық сауал жолдадым.

Ерболат МҰҚАЕВ,

Сенат депутаты