Тұрсынбаева 57,95 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр. Спортшы қыздың әкесі Байтақ Тұрсынов Facebook парақшасында Элизабеттің жарақатына байланысты жоғары деңгейде өнер көрсете алмағанын жазды.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова небәрі 44.40 ұпай жинап, үздіктер қатарына ене алмады. 18 жастағы екі қазақстандық спортшы да Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.
2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алды.