Соның бірі Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіндегі күн электрстансасы. Сарыағашта құны 14 млрд теңгені құрайтын бұл жобаны қолға алған «EcoProTech-Astana» ЖШС-і сағатына 20 мВт электр қуатын өндіруді көздейді. Бүгінде құрылыс жұмыстарының жалпы жер аумағы 41 гектар аумақты алып жатыр. Cтанцияның құрылыс жұмыстары отандық инвестордың қаржысы есебінен жүргізілуде. Бұл өндірген электр қуатының басым бөлігін теміржол саласына бағыттайтын алғашқы станса болғалы тұр.
«Бұл жасыл экономиканы дамытуға бағытталған маңызды қадам. Күрделі жобаның құрылысын «DAY ENERGY GmbH» компаниясы жүргізуге кірісті. Сапалы электр қуатын өндіруге арналған станса негізінен неміс елінің тәжірибелерін қолданады», - деді «EcoProTech-Astana» ЖШС-нің директоры Назиржон Темиров.
Бұдан бөлек, облыста Төлеби ауданында қуаты 2,5 МВт болатын «Кеңес» шағын су электр стансасы салынады. Сондай-ақ, Жетісай қаласында 10,7 га аумаққа қуаты 4,8 МВт болатын күн электр стансасының құрылысы жүргізілмек. Ал, Бәйдібек ауданында қуаты 40 МВт және Отырар ауданында жалпы қуаты 135 МВт күн электр стансалары бой көтереді.
Айта кетейік, облыста қазірдің өзінде жалпы қуаты 10,22 МВт-ты құрайтын 10 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны бар. Оның 4-і күн электр стансасы, 5-і шағын су электр стансасы және 1-і биогаз қондырғысы. Осының есебінен облысты жаңартылатын энергия көздерімен қамту деңгейі 2017 жылы 2,7 пайыз болса, 2018 жылы бұл көрсеткішті 3,1 пайызға жеткізу көзделуде.