Елдің латын әліпбиін қолдағаны соншалықты, тіпті көптеген ғимараттардың маңдайшасындағы атауды латынға ауыстыра бастады, олардың қатарында мен де бармын. Осылайша өзім басқарып отырған Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақстан» атты ірі кинотеатрдың атауын латынша «Qazaqstan» деп ауыстырған едім.
Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ тілінің латын графикасының жаңа нұсқасын бекітті.
Бұл алдыңғы нұсқаға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы деп санаймын, себебі қазаққа тән төл дыбыстар маңдайшаларында сызықша көрсетілген, бұл нұсқа көңілге қонымды. Жалпы алғанда, қазақ тілі міндетті түрде латын графикасына көшуі тиіс.
Қазіргі уақытта шетелдіктердің қазақ тілін үйренуге, қазақ мәдениетімен танысуға деген құштарлығы жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан қазақ тілінің болашағы латын графикасында екендігіне сенімдімін.
Сәуле МҰСАБАЕВА,
«Qazaqstan» кинотеатрының директоры
Солтүстік Қазақстан облысы