Аймақтар • 28 Ақпан, 2018

Алматы музейі татар халқының мәдениетімен таныстырды

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы музейінде ұлттық мәдени орталықтармен бірлескен «Ел бірлігі – достықта» атты көрме өтуде. Мұнда күн сайын әртүрлі ұлттар мен этностар өз жетістіктерін жұртшылық назарына ұсынуда.

Алматы музейі татар халқының мәдениетімен таныстырды

Осыған дейін орыс, бурят, ауған, осетин, чешен-ингуш, беларус, украин, түркімен, Қырым татарлары мен Жетісу казактарының көрмелері ұйымдастырылды. Бұл көрмелердің мақсаты –  қаламыздағы ұлттық мәде­ни орталықтар арқылы әртүр­лі ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен жете таныстыру. Сонымен қатар ұлттық бірлік құндылықтарының негіз­дері, қазақ халқының толерант­тығы, Қазақстан халқы Ас­самб­леясының этносаралық қатынастар саласын реттеудің қоғамдық-саяси институты ретіндегі қалыптасуы мен дамуы көрмеге басты тақырып ретінде алынған. Әрі музей қорына әртүрлі  ұлт өкілдерінің жәдігерлерін жинақтау да көзделіп отыр.

Бұл жолы көрменің кезекті шарасы «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орта­лығына арналды.

Көрменің ашылуына жи­нал­ған жұртшылық ел­дің жарқын келешегіне қатыс­ты жақсы лебіздерін білдір­ді. Алматы қалалық мәслиха­ты­­ның депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму ор­та­лы­ғының төрағасы Нури Ниязова, Алматы қаласы татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Тұрсынтай Ғабитов ризашылықтарын білдіріп, елдің есендігі үшін алғыс айтты. Салтанатты жиын түрлі мәдени шараларға, ән-күйге ұласты.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ