Үкімет • 28 Ақпан, 2018

Электронды сатып алулар жүйесі жетілуде

44 реткөрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры электронды сатып алулардың бірыңғай порталын іске қосады. Бұл туралы кеше Үкімет үйінде өткен брифингте айтылды.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингке «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов, Сатып алу методологиясы қызметінің басшысы Мұхит Магажанов, Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев қатысты. Жиында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың» сатып алу жүйесін жетілдіру жайы сөз болды.

«Самұрық-Қазынаның» сатып алу қызметін жетілдіру сатып алуларды бақылаудың барлық салаларына қатысты. Осыған байланысты камералды бақылау енгізіліп, оның аясында тәуекелдер бейіні анықталады. Автоматтандыру өзінің мақсатына сай тәуекелдер бейінін қадағалап отыруға септігін тигізеді. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған «Тендер СҚ» жүйесі тәуекелдердің шамамен 18 пайызын қадағалай алмайды. Ал жаңадан енгізілетін жүйе тәуекелдердің жартысынан астамын қамтиды», деді жиында «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС бас директорының орынбасары Б.Жұмағалиев.

Мәлім болғандай, электронды сатып алуларды жүзеге асыратын жаңа портал биылғы жылдың шілде айында іске қосылады. Қазақстандық компания құрастырған порталда тауар, жұмыс және қызмет қажеттілігін жоспарлаудан бастап, сатып алуды өткізу, шарттарды бекіту және іске асыруға дейінгі барлық кезең орындалады. Сатып алу барысының бір платформада жүзеге асырылуы – қорға онлайн тәртіпте тиісті процедураларға сараптама жүргізуге, сапалы және біртұтас талдау жасауға, қателіктерді анықтауға, жеткізушілер тарабынан түскен шағымдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Электронды сатып алудың жаңа алаңы тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге электронды платформаны қолдану кезінде қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл өз кезегінде электронды алаңды сүйемелдеу шығындарын қысқартып, сатып алудың ашықтығын Blockchain технологиясы арқылы қамтамасыз етеді. Бүгінде сатып алу ережелерінің негізгі талаптары және нормалары бойынша 117 «тәуекел бейіні» әзірленген және белгіленген, критерийлері анықталған және тәуекелдерді бағалау нақтыланған. Іске қосылатын жүйе 77 тәуекел бейінін қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы көлемнің 65 пайыздан астамын құрайды. Қалған 34 пайыздан астамы камералды бақылау арқылы сарапталады. Мәселен, егер тапсырыс беруші сатып алу кезінде сатып алу ережесін бұзса, онда жүйе автоматты түрде осы секілді «тәуекелдерді» бұзушылықтар түрі бойынша тиісті файлда сақтайды және оларды қарастыру үшін қордың сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органына жібереді.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ел қамын жеген Едіге

Руханият • Бүгін, 09:52

Birlikke bastar is qaıyrly

Руханият • Бүгін, 09:49

Тұлғалар аллеясы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Жетісай – табиғаты әсем жер

Аймақтар • Бүгін, 09:41

Ұқсас жаңалықтар