Қазіргі таңда ауыл әйелдерінің жер және өндіріс ресурстарына, қаржыландыруға, әлеуметтік қызметтерге, сондай-ақ лайықты қызмет мүмкіндіктеріне деген қолжетімділіктері анағұрлым кем. Ауыл шаруашылық жұмыс күшін шамамен 43% әйелдер құрайды, ал ауылдық әйелдер мен еркектердің еңбек ақыларының мөлшеріндегі айырмашылық жекелеген елдерде 40%-ға дейін жетеді (Қазақстанда – 31,4%).
Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Өкілі Илейн Конкиевичтің айтуынша, «барлық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін гендерлік аспектілерді ескеретін инвестицияларды, саясатты, бағдарламаларды және бюджеттерді мемлекеттік деңгейде басы мету маңызды. Мемлекеттік реформалар әйелдер мен қыздардың құқықтарын нығайтуға және өндірістік ресурстар мен нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ ауылдық әйелдерге лайықты жұмыс орындары мен қызметтерін құруға ықпал етуі керек».
2017 жылы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен өткен зерттеу аясында Қазақстандағы ауылдық әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерінің кеңеюіне кедергі тудыратын негізгі тосқауылдар қаржыландырудағы қиындықтар, қажетті машықтар мен құзыреттіліктің болмауы, кәсіпті жүргізу саласындағы арнайы білімге қатысты шектелген қолжетімділік және төрешілдік болып табылады. Сонымен қатар, дәстүрлі мәдени ұстанымдардың да белгілі бір әсері бар. Әйелдерге қатысты гендерлік таптаурындар мен әлеуметтік ережелер көп жағдайда ауылдық әйелдердің экономикалық белсенділігі және әлеуетін жүзеге асыру жолында кемсітушілік тәжірибелер мен психологиялық тосқауылдарды тудырады.
Соңғы жыл бүкіл әлемдегі адамдардың анағұрлым тең құқықты болашаққа ұмтылатынын барынша жақсы көрсетті. Бұған қоғамның назарын түрлі гендерлік аспектілерге аударуға шақыратын көптеген наразылық марштары мен ақпараттық кампаниялар куә, сондықтан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту кез келген елдің тұрақты дамуының ең маңызды шарттарының бірі.