26 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №496-ІV

325 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
2012 – 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ 1-бап. 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 4 626 465 541 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 3 221 081 115 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 58 458 993 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 30 230 835 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 316 694 598 мың теңге; 2) шығындар – 5 253 430 873 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредит беру – 55 975 074 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 179 973 564 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 123 998 490 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 75 607 234 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 76 117 234 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 510 000 мың теңге; 5) тапшылық – -758 547 640 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,6 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 758 547 640 мың теңге. 2-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 077 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайда­ланғаны үшін 3 680 721 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн. 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2012 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн: бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зей­нетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi меди­ци­налық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударым­дары. Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударым­дардың сомасына азайтады; «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек; «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек. 5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүк­тi­лiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәр­демақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсанда­ғы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады. 6-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте облыс­тық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 102 114 759 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Атырау облысынан – 39 467 955 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 16 076 180 мың теңге; Алматы қаласынан – 46 570 624 мың теңге. 7-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте обл­ыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджет­терiнен трансферттердiң түсiмдерi мыналарды: көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді – 55 913 мың теңге; «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесін – 921 164 мың теңге; республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру жөніндегі функцияларды – 864 612 мың теңге; жергілікті атқарушы органдардың: мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін – 886 766 мың теңге; педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін – 1 520 109 мың теңге; халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдас­тыру жөніндегі өкілеттіктерін – 10 331 275 мың теңге – беруге байланысты көзделсін. Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен трансферттердiң аталған сомаларының респуб­ликалық бюджетке түсiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 8-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақ­стан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген транс­ферттiң мөлшерi 1 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн. 9-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 17 439 теңге; 2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 720 теңге; 3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 17 491 теңге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдем­ақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сон­дай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 618 теңге; 5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 17 439 теңге болып белгiленсiн. 10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зей­нет­ақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақ­ты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақ­талуы жө­ніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлем­деріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азамат­тардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыз­дандыру» рес­пуб­ликалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 11-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн. 12-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте респуб­ликалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемi 880 645 461 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Ақмола облысына – 53 579 911 мың теңге; Ақтөбе облысына – 31 721 533 мың теңге; Алматы облысына – 103 882 787 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 89 595 453 мың теңге; Жамбыл облысына – 85 094 218 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 17 113 055 мың теңге; Қарағанды облысына – 61 399 259 мың теңге; Қостанай облысына – 52 272 915 мың теңге; Қызылорда облысына – 71 593 511 мың теңге; Павлодар облысына – 28 929 362 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына – 50 717 343 мың теңге; Оңтүстiк Қазақстан облысына – 216 436 264 мың теңге; Астана қаласына – 18 309 850 мың теңге. 13-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне: 1) көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға; 2) режимдік стратегиялық объектілерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын штат санын ұстауға; 3) оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығын күтіп ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға; 4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 5) жаңадан іске қосылатын спорт объектілерін күтіп-ұстауға; 6) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға; 7) эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге; 8) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табы­латын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйе­лерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға; 9) тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға; 10) тұқым шаруашылығын қолдауға; 11) асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға; 12) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға; 13) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін; 14) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға; 15) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге; 16) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана мен Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге; 17) метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидия­лауға; 18) қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелері жалпы білім беретін мектептерінің педагог қызметкерлері штат санының берілуіне байланысты; 19) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға; 20) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға; 21) қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге; 22) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға; 23) мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға; 24) өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы белгілеуге; 25) «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдар­лама­лары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға; 26) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге; 27) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйым­дарын материалдық-техникалық жарақтандыруға; 28) тұрғын үй көмегін көрсетуге 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 14-бап. Мынадай: 1) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойын­ша сыйақы ставкасын субсидиялау; 2) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін субсидиялау; 3) астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмса­латын шығындар құнын арзандату; 4) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдау; 5) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру, сондай-ақ жергілікті өзін-өзін басқаруды мемлекеттік қолдау; 6) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге кредит беру бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 15-бап. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 16-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2012 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 17-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылға арналған резервi 54 452 990 мың теңге сомасында бекiтiлсiн. 19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыруға және сақтауға 11 639 691 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен қаражатты көрсете отырып, 11 580 835 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін. 20-бап. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болды деп жа­риялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру кредиттері және студенттік кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің та­лап­тары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады деп белгіленсін. 21-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы болған күннен бастап алты ай ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы табыс етуі туралы кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды іске асыру көзделсін, ол аталған шарт сақталмаған кезде түзетілуге жатады. 22-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 363 970 мың теңге көзделсiн. 23-бап. 2012 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiл­дiк­­терiн беру лимитi 60 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 24-бап. 2012 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 3 900 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 25-бап. 2012 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 50 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 26-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 2012 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарла­малар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн. 27-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 21-бапты қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан  Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 24 қараша №496-ІV ҚРЗ