Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

СҚО-дағы «Бірлік» ауылында береке бар

1047 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бірлік» – ынтымағы жарасқан ауылдардың бірі. Оннан астам ұлт өкілдері тұратын елді мекенде қалыпты өмір сүру үшін барлық  жағдай жасалған деуге болады. Бірнеше дүкен, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, монша, наубайхана жұмыс істейді.  «Әліби-Ишим» серіктестігі мен төрт шаруа қожалығына жұмысқа тартылған тұрғындар төрт түлік өсірумен де айналысады.

СҚО-дағы «Бірлік» ауылында береке бар

Республикалық маңыздағы тасжолдың бойында орна­лас­қандықтан, қоғамдық көліктер­дің қатынасында еш іркіліс жоқ. Ауылдық округтің әкімі Ольга Азлердің айтуын­ша, Пре­­зи­­денттің бес әлеуметтік бас­­та­­масы бірліктіктер тарапынан үлкен қолдауға ие болып, халық­тың тұрмысы жан-жақ­ты қарас­тырылған ал­дың­ғы шешім­дер­дің заңды жал­ғасы ретін­де қа­былданған. 106 оқу­шысы, 28 мұғалімі бар мектеп үйін­де Қа­зақ­стан хал­қы Ассамб­лея­сы­ның ұйым­дас­тыруымен өт­кен республикалық бірыңғай күн­ге жиналғандар арасында жас­тардың қарасы мол болды. Ел­ба­сының халыққа арнаған Үндеуін ризашылықпен қабыл алғандары жүздерінен білініп тұрды. 

– Мемлекет басшысы халық­тың жағдайын жақсарту жолын­да қазақстандық сара жолды таң­дап, ілкімді ілгерілеудің тың жол­дарын ұсынды. Бұл бағдар­ла­ма­да ауқымды әлеуметтік жоба­ларды жүзеге асырудың тетік­тері мұқият ойластырыл­ған. Жаңа асуларға жетелейтін жарқын белес екені бірден анық аңғарылады, – дей келіп ауыл әкімі жерлестерін әлеуметтік бастамаларға белсене қатысуға шақырды. 

Нина Ерощенко, Күләй Ақ­панова секілді келіншектердің іскерлігіне ауылдастары дән риза. Бұлар жеке кәсіптің білгір­лері, ұйытқылары саналады. Бастапқыда өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілердің қата­рын­да болса, енді басқаларға да көмек қолын созып отыр. 

«Игілікті шаралардан ұс­таз­дар қауымы да шет қалмай­ды. Әрбір отбасына баспана алу­дың мүмкіндіктері беріл­генін қуана қостаймын «Бізде «Диплом­мен – ауылға!» бағдарламасы бо­йынша еңбек етіп жатқан мұғалімдер аз емес. Қатарымыз жастар­­мен тол­ы­ғып келеді. Олардың «7 – 20 – 25» бағ­­дар­­ла­масына қосылып, әлеу­мет­­тік жағдайларын түзеуіне тілек­­теспін», деді өз сөзінде мек­теп дирек­торының орынбасары Айнаш Қабдөшева. 

Алыстағы ауылдағы жақсы істердің қолдаушылары мен жанашырларының ой-пікірлері бір арнада тоғысты.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғ.Мүсірепов ауданы