Кеншілер камера, динамика, оттек және метан құрылғыларымен жабдықталады. Екі құрылығы шамға, тағы екеуі аккумуляторға орнатылады. Сондай-ақ шамға бейнекамера мен динамик орнатылады. Осылайша, диспетчер жер астындағы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын және метан деңгейін бақылай алады. Егер кеншілердің бірі 15 минуттан артық қозғалмаса, онда бірден дабылқаққыш құрылғы іске қосылады.
Жаңа қауіпсіздік жүйесін «АрселорМиттал Теміртаудың» атқарушы директоры Вадим Басин «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың кәсіпорынға жұмыс сапары барысында таныстырды.
"Біз осы жүйені дайындаған Сібірдегі СУЭК компаниясы арнайы бардық. Биылғы жылы біз бұл жүйені шахталарымыздың бірінде, келесі жылы тағы екеуінде енгіземіз. Осылайша, 3-4 жылдан соң, менің ойымша барлық сегіз шахтада осы қауіпсіздік жүйесі жұмыс жасайтын болады",-деп түсіндірді Вадим Басин.
Мәулен Әшімбаев жаңашылдықты қолдап, ел үшін қазақстандықтардың денсаулығы мен өндірістегі қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті. 10-шы наурызда Костенко атындағы шахтаның желдету түйісімі учаскесінде өрт шыққан болатын. Жұмысшылар жер бетіне шығарылды, ешкім зардап шеккен жоқ. Бүгінгі таңда, «АрселорМиттал Теміртаудың» хабарлауынша, шахтадағы жағдай тұрақталды, өрт тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша өртке «табиғи құбылыс» себеп болған.