19 Наурыз, 2018

Іріктеу конкурсы заңға сай өткізілді

516 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газе­ті­нің 19 ақпанда шыққан «Парламент» бетінде депутат Меруерт Қазбекованың «Ғы­лымға қиянат емес пе?» атты мақаласы жарияланды. Онда ауыл­шаруа­шы­­лық ғылым­да­рына 2018-2020 жылдарға ар­­налған ғылыми-зерттеулерге грант бөлу бойынша өткізілген конкурстардағы бұра тар­ту­шылықтарға жол берілгені, іріктеу кеңесінің мү­­шелері өздерінің сапасыз жобаларын алып өткені туралы айтылып, Үкі­мет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутат­тық сауал жолданғаны жөнін­де жазылған болатын.

Іріктеу конкурсы заңға сай өткізілді

Сол сауалға Премьер-Мини­стрдің атынан жуырда жау­ап келді. Онда: «Білім жә­не ғылым министрлігі 2018-2020 жылдары қаржыландыру үшін ғылымның жеті басым бағыты бойынша конкурс­тар өткізген еді, оған 4677 өті­ніш түсіп, соның 1096-ы ірік­теліп алынды. Жобаларға мем­ле­кеттік бюджеттен бөлінетін қа­ра­жат көлемі 28,6 млрд тең­ге болды» делінген.

Осыдан әрі жауапта кон­ку­рстың қалай өтк­ізілгені, қан­дай құқықтық құжаттарға сүйен­ге­­ні егжей-тег­жей­лі жазылып, толық ақпа­рат бе­рілген. Жоғарыда айт­қанымыздай, де­пу­тат­­тың сау­алында іріктеу кеңесінің мүшелері өзде­рінің сапасыз жобаларын өткізгені, шет­ел­дік білікті мамандардың жоғары бағасын алған жобалардың айдалада қалғаны айтылып, осы­ның себебі сұ­ралған. Бұған іріктеу коми­с­-
сия­сына мүше болған ма­ман­дардың да өз жоба­ларын ұсынуға құқықтары бар­лығы айтылып, бі­рақ олар өз жобалары бойынша ше­шім­дер қа­был­дауға қатыса ал­майтындығы жеткізілген. Алайда кеңеске мүше болған 27 маманның 9-ның ғана жобаларына грант беру туралы шешім қабылданғаны айтылады. Сонымен қатар жауапта ауылшаруашылық ғылымдарының жобалары бойынша грант алғандардың 66 пайызы жоғары балл, 33 пай­ызы ғана ортадан жо­ға­ры, тек біреуі ғана орташа балл алған жобалар екені көр­се­тіл­ген.

Ал кеңестің құрамын жа­сақ­­тау арнайы Ере­же­ге не­гіз­делгенін, оның ішіне шет­ел­дік ірі ғалым­дар да тар­ты­лғаны және қызы­ғушылық та­ны­тушы мем­лекеттік және қоғамдық ұйымдар өкіл­дері де араластырылғаны айтылған.

Жалпы Кеңес 110 өті­нішті қараған, соның ішін­д­е 6 шағымның талабы қанағат­тан­дырыл­ған. Сайып келгенде конкурстың заңға сәйкес өт­кен­дігі аталып өткен.

Дайындаған Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»