Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Ғабит Тұяқбаев: Халық мемлекет қамқорлығын сезінді

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы қазақстандықтардың болашағына деген сенімін нығайтатын тағы бір маңызды қадам деп айтуымызға болады.

Ғабит Тұяқбаев: Халық мемлекет қамқорлығын сезінді

Мемлекет басшысы жария­лаған Үндеуде көтерілген баста­ма­лардың барлығы да қазақстан­дықтар үшін өзекті мәселелерді қамтыды. Мысалы, «7 – 20 – 25» бағдарламасы көптеген жас шаңырақтың өте өзекті мәселесін шешуге арналған. Пәтерлердің жеңілдетілген несие арқылы берілуін жолға қою белгілі бір деңгейде жастарға жасалып отырған үлкен қамқорлық.

Екінші мәселе білім гранттарына байланысты. 2018-2019 оқу жылынан бастап қосымша 20 мың білім гранты бөлінетін болды. Бұл да жастардың жоғары білім алуына, білікті маман болып шығуына үлкен ықпал ететіні анық.

Елбасы Үндеуінде айтылған мәселенің бірі – шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету. Осы бағытта биылдан бастап миллиардтаған көлемде қомақты қаражат бөлінбек. Шағын және орта бизнесті дамыту біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Өйткені ол жалпы халықты жұмыспен қамтудағы бірден-бір төте жол, шағын және орта бизнестен түсетін салық та мемлекет қазынасын байыта түседі.

Қазақта «Жел басынан сипаса, жердегі гүл жетілер, Ел басынан сипаса, иендегі ер жетілер» деген. Яғни қазақстандықтар өзіне қамқорлық жасайтын мем­лекеті бар екендігін сезінді. Бұл осы бағытта жасалған үлкен бір жоба деп айтуымызға болады.

Ғабит ТҰЯҚБАЕВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті және журналис­тика кафедрасының меңгерушісі

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20