Бүгінгі брифингке қатысқан Астана қаласы ТЖД-нің төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы ата-аналарды көктемгі каникул кезінде балалардың Есіл өзінде ойнамауын қадағалауды ескертті. Өзен мұзы жұқарған. Балалар туындаған қауіпті ескеріп, болған жағдайда тиісті әрекет жасай алмай қалуы мүмкін. Жалпы көктемде мұз үстіне шығу өте қауіпті.
«Қазіргі кезде өзен мұзы бір жерде қалың, бір жерде жұқа. Астыңғы жағынан су шаю арқылы мұз жұқарған. Сол себепті әсіресе көктемгі каникул кезінде балалардың мұз үстіне шықпауын қадағалаған жөн. Ойын баласына абай болыңыздар», - деді Еркін Отарғалымұлы.