-Қала тұрғындарының осы бір салтанатты мерекені бейбіт түрде шат-шадыман атап өтулерін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет атқаруға көшті,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-соған қарамастан бүгін біздің басшылық және жеке құрам Наурызды атап өтті.
Полицейлердің Наурызын қалалық ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Құлжанбеков ашып, Наурыз - ел тыныштығы мен тұрақтылығының, ізгілік пен бейбіт өмірдің нышанын танытатын, барша ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін қуанышқа толы ортақ мереке екенін айтты. Жеке құрамды Наурыз мерекесімен құттықтап, тың бастамалар, ізгі мақсаттар мен игілікті істерге жетуді тіледі.
Мерекелік іс-шара барысында ҚР ІІМ бұйрығымен дәстүр бойынша бір қатар қызметкерге пагондар табысталды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауда, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ішкі істер бастығының бұйрығымен 9 қызметкер грамотамен, 9 қызметкер алғыс хатпен және 118 қызметкер ақшалай сыйақымен марапатталды. Салтанатты жиын соңы қалалық эстрада жұлдыздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА