Қазақстан • 27 Наурыз, 2018

Ислам Жанұзақов: Басты мақсат – тұлға тәрбиелеу

171 реткөрсетілді

Мемлекет басшысының халыққа биылғы Жолдауында да білім беру саласына жете назар аударып отырғанына тәнті болдым. Расында да, келешек кілті білімді ұрпақ қолында. Елбасы тәуелсіздігіміздің бастапқы баспалдақтарында-ақ осы мәселені ерекше көтеріп, арнайы жолдамамен жастарды шетелдерде оқытқан-ды. Қазір түлектердің алды өндіріс тұтқасын ұстай бастады. Игіліктің нәтижесі – осы.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ел­басы ұсынған 10 міндеттің жетіншісі «Ада­ми капитал – жаңғыру негізі» деп аталып, білім берудің жаңа сапасына қалай жетуді нақтылап берді. Елбасы: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», деп білім беру саласындағы дара даму, ерекше оқыту сапасы, білім бәсекелестігін арт­тыру жолындағы өзгерістер мен жаңар­тыл­ған мазмұны туралы нақты қадамдарды анық жеткізген.

Елбасы мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту да «Рухани жаңғырудың» маңызды екенін: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», деген сөзі арқылы білдірді.

Елбасы мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажеттігін айтып, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырды. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауларын жүзеге асыруда біздің оқу орнымыз да өзіндік үлес қосып келеді.

Облысымызға аса қажет маман кадрлар дайындайтын агротехникалық колледжде 1500 астам студенттер білім алуда. Оқытудың ҚТ СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйе­­лері. Талаптар» жүйесі оқу-тәрбие проце­­сіне толықтай енгізілді. Колледждер арасын­­да республикада алғашқылардың бірі болып инс­титуттық аккредитация куәлігіне ие болуы­­мыз халықаралық дәрежедегі кәсіби білікті ма­­мандар дайындауға мүмкіндік беріп отыр.

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді да­мытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасының» басты мақ­саты – білім сапасын көтеру. Осы орайда, кол­ледж әкімшілігі облысымыздың 70-тен астам өндіріс мекемелері және шетел ком­па­нияларымен тығыз байланыста болуы­ның нәтижесінде оқу-өндірістік, техно­логиялық, дипломалды тәжірибелерін ба­залық мекемеде өткізген студент жастардың өндірістік тәжірибе жинақтауына және оқуын бітіргесін мекемелерде мамандығына сәйкес жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасап отыр. Бұл жұмыс кәсіби білікті маман дайындап қана қоймай, сонымен бірге білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Осындай бағыттағы жұмыстарды халықаралық дә­ре­жеде де іске асыруды бастадық. Ресей Фе­дерациясының Астрахань қаласында орналасқан Теңіз және өзен көлігі Каспий инс­титуты базасында біздің «Кеме жүргізуші» мамандығының студенттері тәжірибеден өтіп, халықаралық сертификатқа ие болады. Бұл осы мамандық түлектерінің толық мамандығына сай Қашаған кеніші сынды басқа да өндіріс орындарына жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге кадрлар дайындаудың дуалды жүйесін оқу-тәрбие процесіне енгізу бағытында біршама игі шара атқарылуда. «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен – ауылға!» мем­ле­кеттік бағдарламалары жоспарлы түрде жүзеге асып келеді.

Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемле­кеттік бағдарламасы» аясында оқу-тәрбие жүйе­сінде электронды оқыту жүйесінің қанат­қақты жобасы іске қосылды. Техника­лық жағынан толықтай қамтамасыз етілді. Кол­ледж базасы мемлекеттік бюджет есебі­нен электронды подиум, 30 моноблок, 20 ком­­пьютер, 17 ноутбук, 3 интерактивті проек­­тормен толықтырылды. Сонымен бірге кол­ледж есебінен оқу кабинеттеріне арнал­ған 12 интерактивті тақта алынды. Коллед­жі­міз бойынша барлық моноблок пен ноут­бук­тер сымсыз интернет желісіне (WiFi) қосылды.

Электронды оқыту жүйесі платформасы оқу процесін басқаруға, яғни кадрлармен білім алушылар контингентімен жұмыс, оқу, іс қағаздарды жүргізу сияқты үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Арнайы электронды портал жасақталып, порталға кез келген адам кіріп, мәліметпен таныса алады, сонымен бірге колледж студенттері мен ата-аналарының өздеріне берілген жеке логиндері арқылы оқу барысын қадағалап отыруына мүмкіндік жасалған.

Әлемдік деңгейдегі саяси оқиғаларды, заман талабына сай болып жатқан рухани-әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, Отанын сүйетін, өз тілі мен әдет-ғұрпын сыйлайтын, әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін құрметтейтін білікті, мәдениетті жастарды тәрбиелеу жұмысы осындай оқу орындары қабырғасында жүзеге асырылатындығын баса айтқым келеді. Бүгінгінің талабы тек білікті маман дайындау емес, адамгершілігі мол, адами қасиеттері танылған тұлға тәрбиелеу.

Ислам ЖАНҰЗАҚОВ,
техника ғылымдарының докторы, профессор

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар