Әлем бойынша бірнеше мың театр жұмыс істеп жатыр десек, соның әрқайсысы сахнасында өмірге келген қойылымдары арқылы адамның ішкі әлемін байытады. Театрға пенде болып кірген жан адам болып тазарып шығады. Әсемдікпен әдіптеп, сұлулықпен матап, таңғажайып әлемінің бесігінде тербеп, адамшылық биігінен жүректерге жылылық құйып, сан мыңдаған адамды биіктерге жетелеумен келеді. Театр – тектілік мекені! Мұнда кірлеген сезімдер тазарып, жабыққан көңілдер жай табар ғажайып аура бар. Ол – қасиетті сахна арқылы көрермен жүрегіне құйылар ғажайып музыка – өмір әні! Театрға бір келген көрермен бірнеше жылға азық болар рухани қазына жиып, өмірдің өзгеше нотасын сезініп қайтады. Жүрегі сағыныш пен сезімге толып, жаңарып, адами келбетін толықтырып шығады. Басқа қай жерден адам осындай нәр, осындай қуат алады?!
Себебі сахнада өмір мен адамды байланыстыратын нәзік те нәрлі діңгек бар. Ол – махаббат! Махаббаттан нәр алып, өнер тудырған актер әлемі – шын мәнінде ұлылықтың бастауы. Мыңдаған жылдар бойы адамзат жанын рухани кемелдендіріп келе жатқан, аса мәртебелі
театр өнерінің майталмандары! Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!