Қазақстан • 27 Наурыз, 2018

Астанадағы ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі органдардың үнемі бақылауында

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы елорда әкімдігінде талқыланды, деп хабарлады astana.gov.kz.

Астанадағы ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі органдардың үнемі бақылауында

Жиын барысында Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік өкілетті органдардың үнемі бақылауында екендігі айтылды.

Астанадағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, есепте тәуекел деңгейі жоғары нысанға жататын 117 сауда нысаны бар, оның 83-і сауда үйі, 9 - сауда ойын-сауық орталығы, 25-і базар. 

2017 жылы ерекше тәртіппен 46 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында көшіру жолдарының жағдайы, жарық беруші  электр желілері мен қуат көздерінің жай-күйінің болуы, өртті байқайтын автоматты жүйенің түзету жағдайының болуы, ішкі және сыртқы өртке қарсы су жабдығы мен ең бірінші өрт сөндіру құралдарының сақадай сай тұруына баса мән берілді. 

9 ОСО-ның 6 тексерілді. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. 2 ОСО-да аудит жүргізілді, ал 1 нысанға  (Mega Silk Way Astana) тексеру осы жылы жасалады.

Биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда объектілеріне қатысты тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілмек.