Қазақстан театрлары ассоциациясы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен кеше «Сахнагер- 2018» ұлттық театр жүлдесінің жеңімпаздарын анықтап, марапаттады.

Осымен екінші рет өткізіліп отырған ұлттық бәйгенің биылғы жаңалығы – тек театр төңірегінде жүрген таланттарды ғана емес, опера, балет, өнертану секілді өнердің бірқатар салаларында жүрген үздіктер үшін де жүлде тағайындағаны болды. Байқау бір жылғы шығармашылық жұмыстарды сарапқа салып, қара үзіп келген дараларға 18 аталым бойынша сыйлық табыстады. Байқаудың талап үдесінен шыққан таланттардың бәрі М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрында өткен салтанатты кеште бас қосып, өнер адамдарының ғана емес, өзге санаттағылардың да қызығушылығын оята бастаған «Сахнагер» сыйлығының қуанышын бірге бөлісті. Салтанатты шараны Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті, КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров құттықтау сөзбен ашты.
Ассоциация кеңесінің шешімімен анықталған үздіктер қатарының қарасы былтырғыға қарағанда биыл әлдеқайда мол көрінді. Бір ғана «Үміт» жүлдесі жеңімпаздары есімінің ұзын саны отызға жетіп жығылғанын айтсақ та, жеткілікті болар дейміз. Республика театрларында еңбек етіп, әртүрлі өнер жобаларында жарқырай көрініп жүрген жас әртістердің әрқайсысы арнайы дип-
лом мен 200 мың теңгені еншіледі.
«Сахналық ғұмыр» аталымы бар саналы өмірін «театр дейтін бір сиқырға» арнап, сахнаның жанкешті сарбаздарына айналып, ұлттық театр өнерінің дамуы үшін айрықша еңбек сіңіріп келе жатқан жеті майталманға табысталғаны жалпы жұртты тебірентті. Олар – М.Әуезов театрының абыз әртісі Сәбит Оразбаев, Н.Сац театрының саңлағы Татьяна Тарская, «ТЮЗ»-дың талантты актрисасы Роза Әшірбекова, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театрының дарабозы Бекен Имаханов, осы театрдың іргесін көтеріскен ірілердің бірі Күләш Сакиева, Мемлекеттік қуыршақ театрының марғасқа әртісі Сәбилә Әбуова және белгілі режиссер Рубен Андриасян.
«Үздік актерлердің» қатарында Роман Чехонадский, Дәурен Серғазин, Айнұр Бердімұхамедова, Антонина Пяк, Төлеубек Аралбай, Кенжебек Башаров, Толқын Нұрбекова, Гүлбахар Насырова, Болат Момынжанов аталса, сондай-ақ «Үздік менеджер» болып Берік Жәменов, «Үздік сыншы» Әлия Бөпежанова, «Үздік
театртанушы» Еркін Жуасбек, «Үздік драматург» ақын Иран-Ғайып, «Үздік сахна суретшісі» Бақыт Сраилов, «Үздік режиссер» Наталья Дубс көрермен құрметіне бөленді. Ал Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосып, «Астана Опера» театрындағы қойылымдарда және алыс-жақын шетелдерде сәтті өнер көрсетіп жүрген Сүндет Байғожин «Үздік опера солисі», осы театрдағы әріптесі Мәдина Басбаева «Үздік балет әртісі» атанды. «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» аталымы бойынша тағайындалған жүлделер тағы да бірқатар сахна өнерінің сайыпқырандарына бұйырып, олардың бәрі де Халықаралық театр күні өнерге қызмет етіп жүргендердің баршасын қуанышқа бөлейтін «Сахнагер» сыйлығы үшін алғысын білдірді.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 14:16
ШҚО-да Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 14:02
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:29
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар