Кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы америкалық кіші Флойд Мэйвезер ережесіз жекпе-жекке ауысып, алдағы айқасы үшін дайындалып жатқанын айтады.
«Ережесіз жекпе-жектегі алғашқы кездесуімді өткізу үшін Майами қаласында жаттығуымды бастап кеттім. Жоспар бойынша осы жылдың соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді ойластырып жүрмін. Мен үшін аралас жекпе-жекте таңсық ештеңе жоқ. Бәріне дайынмын. Сондай-ақ қазіргі таңда мен ММА жұлдызымын. Ал Конор МакГрегор менен кейінгі орында тұрады. Бірақ онымен жуық арада жұдырықтасамын деп айта алмаймын», дейді боксшы.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»