Аймақтар • 30 Наурыз, 2018

Батыстан шығысқа – бір күндік жалақы

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс Қазақстан облысын­дағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарын қолдау мақсатында Батыс Қазақ­стан облысы әкімдігі мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударатын болды» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Батыстан шығысқа – бір күндік жалақы

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Глубокое аудандарының кейбір елді мекендерін су басып, Семей қаласында Ертіс өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты қауіп сейілмей тұр.

Алапат су тасқынының зардабын батысқазақстандықтар 2011 жылы бастан өткерген еді. Биыл да өңірдің солтүстік аудандарында тасқын қаупі бар. Облыс әкімі Алтай Көлгінов 25 наурызда штабтың шұғыл жиынын өткізіп, күшейтілген режімдегі жұмысқа көшкенін мәлімдеген болатын.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы