Өнер • 30 Наурыз, 2018

Аңыздар арбаған елдің айшықты өнері

606 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Зергерлер жиналып өз өнерлері қызықты да түйіткіл жайларды ортаға салды.Ұзақ жылдар бергі достық байланыстың бір түйіні болып қазіргі заман сәндік-қолданбалы өнері және Индонезия Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасына  25 жыл толуына байланысты мәдени қарым-қатынасты нығайтуға арналды. Бұл жолы ұйымдыстырылған сән көрсетілімі мен зергерлік өнер туындыларының көрмесіне   танымал зергерлер Руни Палар және оның қызы Ксения Палар – ол да зергер, Индонезияның Қазақстандағы елшісі  Рахмат Прамоно мырза  қонаққа келді.

Аңыздар арбаған елдің айшықты өнері

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Сәндік-қолданбалы өнері кафедрасының меңгерушісі, суретші Раушан Базарбаева, Қазақстанның Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, модельер-дизайнер, киіз шебері Сәуле Бапанова, ҚР Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, зергерлік іс шебері Серік Рысбеков және Суретшілер одағының мүшесі, суретті кілем іс шебері бұған дейін де Жакартаға қазақ елінің қолөнер туындыларын үнді-қытайлық қалың көрерменге таныстырып қайтқан болатын. Бұл енді осы көрменің ашылуында Сәуле Бапанованың киізден сән киім үлгілерін көпшілікке таныстырды. Индонезиялықтар ерекше әсемдікпен айшықталған қымбат металдан жасалған зергерлік бұйымдарын қойды. Айта кету керек, олардың туындыларында малайлық аңыздардан алынған әйелдердің әсем бейнелері бейнеленген.

Елді жаулардан қорғаған символикалық бейнелері ескерткіштер де көз тартады.Секілді рухани құндылықтарды негізге өз өнерлеріне арқау ететіні ерекше байқалады.«Сукарно деген басшы бар мемлекетте сонау заманда Адам ата мен Хауа ана жұмақтан сол жерге түскен, іздері бар» деген әңгімелер тегін айтылмаса керек-ті. Халықтың дені –ислам болғандықтан,бұлар тіл мен дінді өнер туындыларында ұштастыра білген. Өрнектеген тоқыма бұйымдары көз жауын алған әдемі әспетімен ойнақшып шыға келетініне таңырқайсыз да таңдана  қарайсыз. Зерлі шығармалары аңыздар арбаған елдің айшықталған өнері өрнекті күйінде тамсанта береді... Кескіндеме мен мүсіндер келбеті керемет көрікті қалпында аңсарыңды өздеріне аудара түседі...

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»  

АЛМАТЫ