30 Қараша, 2011

Еуразиялық идея – интеграция негізі

969 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту бедерінде Аста­­на­да­ғы Президенттік мәдениет орталы­ғын­да «Қазақстан және еур­а­зия­лық интеграция идея­сы» деген тақырыппен Қа­зақ­стан саясат­та­ну­шыларының конгресі болып өтті. Онда Еуразиялық интеграция идея­сынан туындайтын үдерістер ба­рысы талқыға салынды. Аталған шараға Президент Әкім­шілігі Басшысының орын­ба­сары Бағ­лан Майлыбаев, Парламент Сенатының депутаттары, орталық мемлекеттік ор­ган­дар­дың, ғылыми-зерттеу меке­ме­лері­нің, үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері мен отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Соның ішінде Ыстамбұл университеті Еуразия инс­ти­ту­тының ди­рек­торы, Түркі әлемі әлеу­мет­та­нушылары одағының президенті Хаяти Түфекчиоғлы (Түркия), БҰҰ Нәсілдік кемсітушілікпен күрес ко­ми­тетінің мүшесі Алексей Автономов, НАТО Маршалл бағдарламасы орталы­ғы­ның ғы­­лы­ми қызметкері Грегори Глиссен, Ұлттық стратегиялық инс­титуттың халықаралық бағ­дар­ла­малар жөніндегі ди­рек­торы Юрий Солозобов (Ресей), ММУ Ақпа­рат­тық-зерттеу ор­та­­лығы ди­­рек­торының орынбасары Алексей Власов (Ресей), Орталық Азия университеті Зерттеулер институтының вице-президенті Енхун Хангук Сон (Оңтүстік Корея), Еуропалық интеграция мәселелері орталығының дирек­то­ры Юрий Шевцов (Беларусь), София университетінің профессоры Татьяна Дронзина (Болгария) және Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан сарапшылары шақырылған екен. Соңғы жиырма жылдықта Қазақ­стан – Еуразия кеңістігіндегі жұмыл­ды­ру­шы үдерістердің белсенді қатысу­шы­сы ғана емес, ол бейбітшілік пен тұ­рақ­тылықты сақтауға ерекше үлес қосып келе жатқан мемлекет. Сондай-ақ өңір­лік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ор­ны да айтарлықтай. Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының съез­де­рін өткізу, ШЫҰ, АӨСШК және ҰҚШҰ құру ісіндегі белсенді рөлі, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі сияқты ма­ңызды міндеттерді ойдағыдай атқарға­нын да атап өтуге болады. Осы ретте саяси ғылымдар докторы, пленарлық отырыстың үйлестірушісі Камал Бұр­ханов еліміз еуразиялық интеграцияны жүзеге асыруда белсенді әрекет етіп отырғандығын тілге тиек етті. Алқалы жиында сөз сөйлеген Президент Әкімшілігі Басшысының орын­ба­сары Бағлан Майлыбаев еліміз Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шы­лы­ғымен бірқатар жаһандық ауқымдағы интеграциялық үрдістерге бастамашы болғандығына ерекше тоқталды. Әйтсе де, еуразиялық идеясы көпке дейін кө­леңкеде қалып қойды. Н.Назарбаевтың осыдан 17 жыл бұрын көтерген еур­а­зия­лық идеясы Мәскеуде «Еуразиялық интеграция туралы» декларация мен «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы» келісімге қол қойылғаннан кейін ғана ғылыми қауымдастық орта­сын­да талқыға түсе бастады. Өкінішке қарай, еуразиялық интеграция жөнін­дегі ойларды топтастыратын арнайы институт немесе тіпті портал жоқ. Сондықтан ЕурАзЭҚ пен Кеден одағы тәжірибелерін мұқият зерттеп, салыс­тырмалы түрде саралау қажет. Осы орайда Бағлан Асау­бай­ұлы еуразиялық интеграция ел­дер­дің тәуелсіздігіне қайшы бол­мауы, тиісінше ұлттық мемлекеттерді нығайтуы тиістігіне ерекше тоқ­тал­ды. Сондықтан да заманауи еура­зиялық интеграция тең құқықтық, ерікті және экономикалық негізде болуы уа­қыт талабына айналып отыр. Қоғам Біртұтас экономикалық ке­ңістіктің ар­тық­шылықтары жө­нін­де жан-жақты хабардар болуы шарт. Кеден одағы құрылғалы бері Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 20 миллиард доллардан асып отыр. Қазақ­стан­дық­тардың 85 пайызы еуразиялық идея­сының оң нәтиже беретініне бек сенімді. Интеграциялық үдерістерді заңна­ма­лық қаматамысз ету жөніндегі баян­да­масында Сенат Төрағасының орын­басары Александр Судьин еуразиялық идеясын Президент Нұрсұлтан Назарбаев ММУ қабырғасында 1994 жылы айтқандығын қаперге салды. Осыдан 17 жыл бұрын айтылған бастамасында Елбасы Еуразия кеңістігіндегі елдердің одағы туралы бастама көтерген-ді. Тарих еуразиялық халықаралық және өңірлік интеграциялық бірлестіктің өмір­шеңдігін дәлелдеді. Үш елдің белсенді әрекетінің арқасында Кеден ода­ғы бір жыл бұрын өмірге келіп, еура­зиялық идеяның жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін көрсетті. Оның құры­луы­мен байланыстар нығайып, сенімсіздіктер сырылып, көңіл-күйлердің жақ­са­руына өзіндік оң ықпалын тигізді. Парламентаралық ынтымақтастық органдары тарапынан көптеген модельдік заңдар әзірленді. Бұл өз кезегінде мем­лекетаралық және үкіметаралық ке­лі­сімдердің жедел жүзеге асуына мүм­кіндік берді. Қазіргі таңда Біртұтас эко­номикалық кеңістікке қажетті 17 келісімге қол қойылса, осы жылдың аяғына дейін тағы 8-і бекітіледі деп күтілуде. Бұдан өзге де құжаттар қабыл­данады деп жоспарланған. Оның барлығы да тауарлардың, адамдардың және капитал мен еңбек мигранттарының еркін қозғалуына септігін тигізетін болады. Еліміздің еуразиялық интеграция идеясын басынан бастап үзіліссіз жүр­гі­зіп келе жатқандығын тілге тиек еткен БҰҰ Нәсілдік кемсітушілікпен күрес комитетінің мүшесі Алексей Автономов еуразиялық идеясының әрбір ел өз ішінде тұйықталып, бір-бірінен қол үзіп қалған жағдайда айтылғанына ерек­ше назар аудартты. Ұлттық мемлекеттер үстінен құрылған органдардың елдер тәуелсіздігін жоюы тұрғысында саясаттанушылар мен заңгерлер жиі айтып жүр. Егер тарихқа көз жүгіртсек, 1995 жылы Ресей мен Беларусь Кеден одағын құру туралы келісімге келді. Артынша осы екіжақты келісімге Қа­зақ­стан және өзге де елдер келіп қосылды. Бұл одақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының артуына оң ықпал етті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы бес есеге дейін ұлғайды. Кеден одағының тиімділігін осы­лай­ша сипаттаған А.Автономов мемлекеттілік жайын да ауызға алды. Мұндай кез­де мемлекеттілік қайда қалады, деген заңды сұрақ туындайды, деді ол. Барлық тарапқа ашық, ықпалдастықта болған елдер ғана табысқа жетеді. Сон­дықтан өзінің тәуелсіздігін нығайтқысы келетін кез келген мемлекет жаһандық үрдістерден алшақтамауы тиіс. Шағын ғана Мальтаның Еуропа Одағына қо­сылуы туралы мәселе талқыланып жат­қанда, нендей пайдасы бар деген сұрақ қойыпты әлдекім. Оның құртақандай елге еш зияны жоқ, деп жауап берілген екен. Сондықтан үлкен одақтарға кіріп, әлемдік саясатта маңызды деген проб­лемаларды шешуге атсалысқан жөн. Қазақстан, Беларусь және Ресей кішкентай елдер емес. Үш ел бір-бірінің тәуелсіздіктеріне нұқсан келтірмей, өзара келісім негізінде өкілеттіктерін бір орталыққа бағындыруы мемлекет­тер­дің нығаюына серпін береді. Мемлекеттер ешқашан толық тәуелсіз болған емес. Кез келген ел халықаралық бай­ла­ныстарға барып, ұйымдарға кіруімен де өз мойнына міндеттемелер қа­былдайды. Камал Бұрханов өз кезегінде жаһан­дану елдердің ішкі саясатына, эконо­ми­ка­сына, тіпті мәдениетіне өзіндік ықпал етерін баса айтып кетті. Еліміз 1992 жылы-ақ тәуелсіз ел ретінде өзінің да­муы мен қалыптасуының стратегиясын қабылдады. Аталған құжатта еліміз ұлтаралық және дінаралық тұрақты­лық­ты сақтай отырып, нарықтық эко­номика құратынын белгіледі. Ал 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды. Шешен осы ретте Н.Назарбаевтың еуразиялық саяси философиясы негізінде өзінің өміршең екендігін дәлелдеген және уақыт сынынан өткен қазіргі заманға сай мемлекет құрылғандығын ерекше атады. Қазақстандық үлгі атанып кеткен тәжірибені әлі толықтай пайым­даудан өткізу қажет екенін уақыт көрсе­тіп отыр, деді К.Бұрханов осы ретте. Сонымен қатар, пленарлық отырыс­та шетелдік сарапшылар да сөз алып, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің барысына бағдар жасады. Біртұтас экономикалық кеңістіктегі интеграцияның перспективалары мен проблемаларын, болып жатқан үдеріс­тер­дің барынша ашық та объективті болуы қажеттігін, ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуін ортаға салды. Осы ретте Орталық Азия университеті зерттеу­лер институтының вице-президенті Енхун Хангук Сон (Оңтүстік Корея) өз баяндамасын таза қазақ тілінде жаса­ған­дығын да бөле-жара айта кеткен орынды. Түскі үзілістен кейін талқылау секциялық отырыстарда жалғасын тапты. Оларда «Еуразиялық идея пост­кеңістік елдердегі интеграциялар мен халықаралық ынтымақтастық негізі», «Қазақстан Шығыс пен Батысты бай­ланыстырушы көпір» және «Инте­грациялық үдерістердегі халықаралық тәжірибе» тақырыптары жан-жақты қозғалды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, Суреттерді түсірген  Орынбай БАЛМҰРАТ.