Футбол • 12 Сәуір, 2018

Айдар Күмісбеков: Ел футболының дамуына қатысты бағдарламаларды үнемі назарда ұстауға тырысамын

691 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ футболының жаңа маусымы жанкүйерлер үшін жақсы жаңалықтармен басталды. Футбол жанашырлары ұлттық құраманың Венгрияны ұтып, Болгарияны өз алаңынан шығармай қойғанын айтып мәз. Журналистер қауымы жас өрендер Еркебұлан Сейдахмет пен Бактиер Зайнутдиновтің голдарын, бапкер Станимир Стоиловтың ойынын жарыса жаза бастады. Сарапшылар Қазақ футболының даму жолы жаңа арнаға бет бұрғанын айтады.

Айдар Күмісбеков: Ел футболының дамуына қатысты бағдарламаларды үнемі назарда ұстауға тырысамын

Қазақ футболын дамыту үшін нақты қадамдар жасалуы тиіс. Осы қадамды іс жүзінде бекіту үшін Қазақстан футбол федерациясы алдағы төрт жылға арналған жаңа құжат қабылдамақ. Стратегия «Алға, футбол! Алға, Қазақстан» деп аталады. Бұл жоба еліміздің футбол қауымдастығына 25 сәуір, яғни Қазақ футболының күні таныстырылады.

Қазақ футболының дамуына бей-жай қарай алмайтын жандардың бірі – Айдар Күмісбеков.  Ел футболының дамуына қатысты бағдарламаларды үнемі назарда ұстап жүретін Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысын сөзге тартқан едік:

- Қай уақытта қандай жолмен жүреміз? Осы сауалға жауап беріп отыратын құжаттың маңызды екені рас. Әр Федерацияның даму стратегиясы болуы міндетті. Стратегия арқылы жаңа жүйелер мен даму жолдары пайда болады. Қоғамда қалыптасып қалған түйткілді мәселелерді шешуге көмектесуі тиіс.

- Айдар Нұрабекұлы, жаңадан қабылданатын стратегия қандай бағыттарды қамтуы тиіс?

- Негізгі бағыт – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту. Яғни, балаларды дайындау. Жас бапкерлерге көңіл бөлу қажет. Бұған дейін қабылданған бағдарлама арқылы футбол орталықтары ашылып, бір жүйеге келтірілді. Осы жұмыс әрі қарай жаңа бағытта өрбуі керек ойлаймын. Футбол алаңдарын ашып, инфрақұрылымды дамыту. Астанада салынып жатқан Футбол үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Осындай жабық кешен салса деп армандайтын едім. Өйткені, қыс мезгілінде футбол ойнайтын алаң табу қиын. Бұқаралық футболды да ұмыт қалдырмаған жөн. Қазақ футболының дамуына қатысты бағдарламаларды назарда ұстап жүруге тырысамын. Біздің болашағымыз - елдің болашағы.