Миссия басшысы, ТМД Атқарушы комиссиясының төрағасы Сергей Лебедев 11 сәуірде болған кезектен тыс президенттік сайлау бәсекелестік негізінде, еркін, ашық және Әзербайжанның Конституциясы мен Сайлау кодексіне сай өткеніне тоқталды.
Қазақстан ОСК төрағасы Б.Имашев ТМД байқаушылар миссиясы құрамында 34 қазақстандық байқаушы Әзербайжанның 5 аймағында жұмыс атқарғанын атап өтті.
«Ұйымдастырудың және сайлауды өткізудің жақсы деңгейін, аймақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің жоғары біліктілігін және олардың өз елінің сайлау заңнамаларын білуін, IT-технологиялар мен техникалық құралдарды қолдануын, оның ішінде сайлау учаскелеріндегі маркерлеуді де атап өткен жөн, – деді ОСК төрағасы.
Сондай-ақ Б.Имашев Әзербайжан сайлау комиссияларының, оның ішінде төменгі деңгейдегі сайлаукомдардың, мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру тәжірибесі назар аударып, арнайы зерделеуге лайықты екенін атап өтті.
«Егемен-ақпарат»