Аймақтар • 13 Сәуір, 2018

Астрахань қаласына Атырау облысының делегациясы туризм мәселелерін талқыланды

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әріптестік қатынастарды дамыту. Көршілес Ресей Федерациясының Астрахань қаласына ресми сапармен барған Атырау облысының делегациясы кездесу кезінде осы мәселені талқылады. 

 

Астрахань қаласына Атырау облысының делегациясы туризм мәселелерін талқыланды

Делегацияны бастап барған Атырау облысы ішкі саясат бас­қар­масының басшысы Жасұлан Бисембиев, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Баязи Әбдешев және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетек­шісі Ринат Құлмағамбетов сапар а­я­сында Қазақстанның Аст­рах­ань­дағы консулы Қанат Шек­қа­лиев­пен кездесті. Кездесу бары­сын­­да қос тарап Астрахань об­лы­­­сын­да тұратын қазақ диас­по­ра­­сы­на қатысты маңызды мәсе­ле­лерді көтерді. Ресей тарат­қан рес­ми мәліметтерде бүгін­де Аст­ра­хань аумағында тұратын қа­зақ­тардың саны 149 мыңнан асады. 
Одан әрі атыраулық делега­ция Астрахань облысы үкімет төр­ағасының орынбасары – мәдениет және туризм министрі Галина Зотеевамен жүздесті. Кездесуге консул Қанат Шек­қалиев арнайы қатысты. Кездесу барысында 14-15 наурыз аралы­ғында мұнайлы өлкеде болып өт­кен «Ұлы Даланың ұлттық дәстүр­лері» халықаралық форумына атсалысып, белсенді қатысқаны үшін Астрахань басшылығына Аты­рау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан алғыс біл­діріл­ді. Сондай-ақ министрге Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді. Мәдениет және туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкін­діктерін қарастырды.
Әдетте туристер Астрахань­дағы Құрманғазы атындағы мәдени орталыққа және Сарай – Бату ке­шеніне қызығушылық таны­тып жатады. Ал бүгінде Атыраудағы Сарайшық мұра­сын сақтап қалу мақсатында визит-орталық салу жоспарланып отырғанын ескерсек, турис­тер үшін Сарайшықтың ерекше аймаққа айналары анық. Қазақ­станның киелі жерлер география­сы қатарын «Махамбет» мавзо­лейі­нің, «Ақмешіт» кешені­нің толық­тырғаны белгілі. Сонау сар­мат­тар дәуірінің ұлы мұрасы – «Иман­қара үңгірі», алтын адам табылған «Аралтөбе» қорғаны, «Ұшқан ата», «Құлшан ата» мавзолейлерінде де туристік мар­шруттарды дамыту мүмкін­­дік­тері жоғары.

Сапар аясында делегация Құр­манғазы атындағы мәдени орта­лықты аралады. Володар ауда­нын­дағы Алтынжар ауылында орналасқан орталықта ұлы күй­шінің шығармашылығына арнал­ған музей жасақталған. Ресейлік әріптестер туристік маусым кезін­де мұнда 25 мың адамға дейін болат­ынын айтады. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан» 

Атырау – Астрахань – Атырау