Суретті түсірген Айгүл Есенәлиева
Жоғары оқу орындармен ынтымақтастық туралы, өңір жастарының шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуын қолдайтынын айтып, ресейлік жоғары оқу орындарын ашық түрде жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, республикалық қоғамдық-саяси «Время» газетінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері павлодарлық оқушылардың Новосібір университетіне түсуге тест тапсыруын тоқтатуына байланысты шыққан мақалаға қатысты пікірін білдірді.
Облыс орталығындағы № 6 мектепте Новосібір мемлекеттік техникалық университеті өңірдегі Славян орталығымен бірлесіп биылғы жылдың 22-наурыз күні тестілеу өткізген. Дінислам Болатханұлы барлығы да біздің елдің заң талаптары аясында ұйымдастырылуы тиіс екенін еске салды. Новосібір университетінің оқытушылары Павлодарға жеке тұлға ретінде ешбір қызметтік куәліксіз, іссапар парағысыз келген көрінеді. Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары оқушылардың қатысуымен өтетін шараларды ұйымдастырмас бұрын облыстық білім беру басқармасына хабарласу керектігі, қажетті келісім шарттар жасалуы керектігі айтылды. Облыстық білім беру басқармасы барлық әлемдік ЖОО-мен түрлі олимпиадаларды өткізуге дайын. Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі бар. Қазір оқушылардың, жастардың санасына кері әсер ететін түрлі тренингтер бар. Оқушылардың Рухани қауіпсіздігіне жауапкершілік–басқарманың міндеті. Осы жайдан кейін Новосибир мемлекеттік университетінің ректоры Анатолий Батаевпен телефон арқылы сөйлесліп, алдағы уақытта екі жақ оқу-білім саласына қатысты шараларды заң шеңберінде өткізу керек деген шешімге келген. Ал, «Славян» орталығының жетекішісі
Т. Кузина еліміздің заң нормаларын жете мән бермеген соң, осындай Олимпиаданы ұйымдастырғанын мойындай келе қателігін түсінді. Бұл жағдайдан кейін № 6 мектептің директоры Галина Кулаковская өз еркімен директор лауазымынан бас тартып, мұғалім ретінде қалмақ.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар