Әлем • 13 Сәуір, 2018

Ресей соты Telegram желісін бұғаттау туралы шешім шығарды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудің Таганск соты Роскомнадзордың Ресейдегі Telegram желісін бұғаттау туралы шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Ресей соты Telegram желісін бұғаттау туралы шешім шығарды

Сот шешіміне сәйкес, компания "Федералдық қауіпсіздік қызметінің ақпаратты шифрлау кілтін беру талабын орындағанға дейін" Telegram мессенджерінің жұмысы тоқтатылмақ. 

Telegram заңгерлері мессенджердің негізін қалаған Павел Дуровтың тыйым салуы бойынша сотқа қатыспаған. 

Роскомнадзор мен ФСБ өкілдерінің айтуынша, шифрлау кілтін арнайы қызметке бермеу мемлекет талаптарына қайшы әрі терроршыларға тиімді болуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетсек, Роскомнадзор 6 сәуір күні Telegram-ды бұғаттау туралы сотқа арыз жазған. Оған компания өкілдері мессенджердің архитектурасы мен техникалық себептерге байланысты шифр кілтін беру мүмкін емес екенін айтқан болатын. Ал Павел Дуров Роскомнадзордың талаптарын орындамайтынын, мессенджер сөз бостандығы мен жеке өмірге қол сұғуға жол бермейтінін айтты.