Қазақстан • 13 Сәуір, 2018

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-22 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақсан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді. 

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 1998-1999 жылдары туған татами шеберлері қатысады. 300-ге жуық жас дзюдошы 8 салмақ дәрежесінде, атап айтқанда,  ұлдар: -55, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг салмақ дәрежелерінде белдессе,  қыздар -44 г, -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.

«Халық Арена» спорт сарайында өтетін Азия кубогының жарыс кестесі:

21 cәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -55 кг, -60 кг, -66 кг;

Қыздар: -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг;

22 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;