Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Қостанайда үш күнде мас күйде көлік айдаған 38 жүргізуші ұсталды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі жүргізген «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-профилактикалық шарасының қорытындысы осындай болды. 

Қостанайда үш күнде мас күйде көлік айдаған 38 жүргізуші ұсталды

«Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-профилактикалық шарасы кезінде облыс бойынша  856 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді.  Көлік жүргізгенде  қауіпсіздік белбеуін тартпаған 148 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жылдамдықты көтеру автокөлік әуесқойларының арасында ең жиі кездесетін   жол ережесін бұзу фактісі болып табылады. Бұл жолы осындай  кінәсі бар  120 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара кезінде көлік жүргізіп бара жатып, телефонмен сөйлескен 96 жүргізуші, көлік терезесін қараңғылаған 3 жүргізуші тоқтатылды. Жедел-профилактикалық шара кезінде жол ережесін бұзған 76 жүргінші де әкімшілік жауапкершіліктен тыс қалған жоқ.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай