Аймақтар • 03 Мамыр, 2018

Қостанай облысында 400 тасбақаны Ресейге алып кетпек болды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 Қостанай облысында 400 тасбақаны Ресейге алып кетпек болды

«Қайрақ» шекара бекетінде Қостанайдан Ресейдің Челябі қаласына бет алған Фольксваген жеңіл көлігін шекарашылар иісшіл итпен тексергенде,  оның багажынан екі үлкен сөмке табылған. Сөмкені ашып қарағанда шекарашы Есмұратов өз көзіне өзі сенбей қалады. Сөмкеден жыбырлап жатқан жүздеген тасбақа шығады.  Санағанда олардың саны 400-ге жетеді!

Таңқаларлық жүк, әрине шекарадан өткен жоқ. Тасбақаны алып бара жатқан жолаушының қажетті құжаты да болмаған. Оны қайда, не үшін алып бара жатқаны да  әлі белгісіз. Тексеру жүріп жатыр.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай