Қазақстан • 18 Мамыр, 2018

29 мамыр күні Астанада ашық аспан астында концерт өтеді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі Астананың 20 жылдығына орай қала тұрғындары мен қонақтарына тағы да бір тарту жасамақ. 29 мамырда Астанада ашық аспан астында «Ұлы дала бірлігі» атты концерт өтеді. Бүгінде осындай Open Air шоу-концерттерді өткізу игі дәстүрге айналған. «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда хиттері танымал музыкалық рейтингтерден орын алған отандық және ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлады Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы. 

29 мамыр күні Астанада ашық аспан астында концерт өтеді

Сахна төрінде Қайрат Нұртас, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Әлішер Кәрімов, Ерке Есмахан, Ringo тобы, сондай-ақ көрермендердің көзайымына айналған Ninety One тобы және т.б. ән шырқайды.

Бұдан басқа, Дима Билан, Юлиана Караулова, Сергей Лазарев, Анна Седокова, Натан, Анна Семенович, Джиган, Елена Темникова, Тимур Родригез,  Макс Барских, Миша Марвин, «Градусы» тобы, Artik & Asti және т.б. сынды ресейлік артистер мерекеге орай Астанаға жылы лебіздерін білдіреді.

Алты сағат бойы жанды дауыс, таңқалдырарлық арнайы эффектілер, жарқын және позитивті эмоция! Кеш жүргізушілері – өздерінің жарқын әзілдерімен танымал Азамат пен Антон, Айнұр Ільясова және Азат Әбікен. Концерт сағат 17.00-де басталады және 23.00-ге дейін жалғасады.