Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысының өкімімен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Т. Сұлтанғазиев  1982 жылы туған. Қазақ ұлттық медицина институтын дәрігер, интернатураны «жалпы хирургия» мамандықтары бойынша бітірген. АҚШ-тың Тюлейн университетінде денсаулық сақтау жүйесінің менеджері мамандығын алып шыққан.

Еңбек жолын Алматыдағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында мейіргер болып бастаған.  2010 жылы «Республикалық жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ғылыми орталығы» АҚ-да стратегия және маркетинг бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да инновация және технологиялар трансферті департаментінің менеджері, директоры лауазымын атқарған. 2014-2016 жылдары Президент Іс басқармасы медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ-ның президенті болды.

2014-2016 жылдары «Медикер» ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК-ы бас директорының орынбасарлығына тағайындалған. Осы кезге дейін министрлікте жобаларды басқару департаментінің директоры болған.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.