Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстанда республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы студенттері арасында «Үздік түлек» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстанда республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті

Еліміздің әр өңірінен сайдың тасындай іріктеліп келген болашақ ақ халатты абзал жандар үш кезең бойынша сайысқа түсті. Таныстыру сынында «103» нөмірін үмітпен теремін» атты тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Екінші кезеңде-теориялық білім сарапталса, үшінші айналымда науқасқа алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетіні тексерілді.

«Соңғы байқау осыдан төрт жылын бұрын ұйымдастырылған екен. Биыл бұл дәстүр жаңғыртылып, жүйелі өткізуге шешім қабылданды», дейді Солтүстік Қазақстан медициналық колледж директорының емдеу-өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары Елена Терре.

Республикалық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысында Түркістан қаласындағы жоғары медицина колледжінің студенті Жайна Әбсаттар жеңімпаз атанды. Екінші орынды Талдықорған медицина колледжінің студенті Мирас Құмаров, үшінші орынды Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжінің студенті Арман Мәженов иеленді.

Келесі байқау Түркістан қаласында өтетін болып белгіленді.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»