Қазақстан • 19 Мамыр, 2018

Қазақстан порттарында құрғақ жүк таситын кемелердің қауіпсіздігі тексерілді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айының 6 мен 14 аралығында Ақтау және Баутино теңіз порттарының әкімшілігі құрғақ жүк кемелерін пайдалану қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды тексеріс жүргізілді.

Қазақстан порттарында құрғақ жүк таситын кемелердің қауіпсіздігі тексерілді

Шара аясында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран елдерінің 53 құрғақ жүк таситын кемесі қаралды.

Оның нәтижесінде анықталған ақауларды жойғанға дейін 4 кеменің, яғни, Иранның 3 кемесі мен Ресейдің 1 кемесінің жұмысы тоқтатылды. 

Негізгі ақаулар мен талаптардың орындалмауы:

Навигациялық, өртке қарсы құралдардың, радио құралдарының ақаулары;

Жүк трюмі есіктерінің тығыздығы/су өткізбеушіліктің болмауы;

Кеме орнықтылығына қойылатын талаптардың сақталмауы;

Кеме мен жабдықтар конструкциясы корпусының коррозиясы;

Кеме журналдарының халықаралық конвенциялар талаптарына сай болмауы;

Экипаж дипломдары мен куәліктерінің лауазымдарына сай болмауы.

Сонымен бірге, Иранның 5 кемесіне порттан кеткенге дейін ескертулерді жоюға нұсқау берілді. Ескертулер экипаж құрамының құзыретіне қатысты болды. 

Ақтау порты мен Баутино теңіз әкімшілігі осы елдердің теңіз порты билігіне халықаралық кеме жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін кемелерді жібермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы хат жолдайды.