Әлем • 19 Мамыр, 2018

Кубада ұшақ апатына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Куба билігі Гавана маңында Boeing-737 ұшағының құлауына байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Кубада ұшақ апатына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

Еске сала кетейік, кеше Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлаған.

Ұшақ бортында 104 адам болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, олардың барлығы қаза тапқан.