Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.