Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қызылорда облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында найзағай ойнайды. Қарағанды облысында, түнде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, күндіз найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.