Аймақтар • 20 Мамыр, 2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» орталығында өткен Қазақстан халқы Ассамлеясы «Қоғамдық медиаторларының республикалық форумы» – «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» тақырыбына арналды.

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

Мақсаты – тәжірибе алмасу, еліміздегі медиация институтын дамытудың жолдарын саралау, медиаторлар арасында кәсіби байланыстарды дамыту және Ассамблея аясында дауларды балама жолдармен шешуді насихаттаудың жаңа формаларын қарастыру. Форум жұмысы пленарлық отырыстан, кәсіби шеберлікті арттыруға арналған семинарлардан, интерактивті тренингтер бойынша өткізілді.

Жиынға облыс басшылығы, білім беру, құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер, депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері атсалысты.

Президент Әкімшілігі жанындағы ҚХА хатшылығының сарапшысы ИнараРаhимзада «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Еліміздің әр өңірлерінен келген кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, пікір алмасты.Облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынова Медиацияны «қоғамдық келісімді дамытудың әмбебап институты»,- деп атап өтті.

«Қоғамдық келісім» мекемесіне қарасты Медиация орталығының басшысы Ольга Николашинаның айтуынша, медиацияның қоғамға араласуының жаңа кезеңіне енгелі отыр. Форум орталық тілдесу алаңына айналып отыр. Медиаторлардың жұмысын жұртшылыққа паш етуге және медиацияны насихаттауға зор мүмкіндіктер береді. Мақсат – демократиялық қоғамды дамытудағы медиацияның рөлін арттыруда күш біріктіру.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген Мақсат Айтбай