Баргидравликалық экскаватор кәсіпорынның Инвестициялық бағдарламасымен сатып алынды.Жаңа техника жер астындағы көмір қазу жұмыстарын жарылыссыз шығаруға мүмкіндік бермек.
«Шығыс» кеніші мамандарының айтуынша, жергілікті жердегі кеніштерден қалай көмір қазу жолдарын жергілікті мамандар өте жақсы біледі. Сондықтан, көмір қазу техникасын жасауға тапсырыс берді. Қазу тереңдігі- 10,75 метр. Экскавтор кен қазудың жоғары талаптарына сай құрастырылды. R 976 орнатылған LiebherrV8 қозғалтқышы, төмен айналымда да жоғары айналады.
- Жанармай аз тұтынады. Жұмыс орны жайлы. Бақылау камералары сенсорлық экран мониторымен жабдықталған. Автоматты салқындатқыш орнатылған, - дейді Liebherr R-976 экскаваторының машинисі А. Буханов.
кеніште іске қосу үшін машинистер бригадасы өндірісте пайдалану жолдарын «Шұбаркөл көмір» АҚ-ында үйреніп, дайындалған. Кеншілер машинаны пайдалану, ақау кезінде жөндеу жұмыстарын өткізуге қатысты. Жалпы, «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші шетелдік Liebherr фирмасымен жылдар бойы бірге жұмыс істеп келеді. Бұл күндері кәсіпорында осы фирма құрастырған экскаваторлар, крандар, тиегіштер және бульдозерлер сапалы жұмыс жасауда. Өңірдегі Ақсу қаласында орналасқан корпорация еліміздегі электр энергиясының 17 пайызын, көмірдің 20 пайызын өндіреді. Кәсіпорынға Ақсу электр стансасы, Екібастұдағы «Шығыс» көмір кеніші және Өндірістік жөндеу бөлімшесі қарайды. Корпорацяда 6 227 адам еңбек етуде.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Екібастұз
Суретті түсірген Елена Паникаровская