14 зауыт пен 11 мыңнан астам жұмысшы-қызметкерлерді қамтитын неміс компаниясы заманауи ауыл шаруашылық техикаларын шығарумен айналысады. Өз өнімдерін «LEXION Caterillar» cауда маркасымен жарнамалап, жылына үш миллиард доллардың астық және шөп жинайтын комбайндарын, тракторлар, телескопиялық жүк тиегіштер, тағы басқа техникаларды өз тұтынушыларына жөнелтеді.
Қос тарап жасасқан келісім-шарт шеңберінде алпауыт кәсіпорын өңірде ауыл техникаларын құрастыруға арналған бірлесекн зауыт салатын болады. Осылайша бизнестің бәсекеге қабылеттілігін арттыру қамтамасыз етіліп, отандық мазмұн үлесі біршама арттырылады.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы