09 Желтоқсан, 2011

Жәмила БАТТАҚОВА: Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына – «Денсаулыққа жиырма қадам» акциясы

313 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Қазақстан Рес­­­пуб­ликасы Тәуел­сізді­гі­­­­нің 20 жыл­­­д­ы­ғына орай, Ден­саулық сақ­тау ми­нис­тр­лі­гі­нің баста­ма­­сы­­мен Са­ла­матты өмір салтын қа­лып­тас­тыру про­б­лема­ла­ры ұлттық ор­­талы­ғы­ның (СӨСҚПҰО) ұй­ым­дастыруымен 2011 жылдың 12 желтоқсаны – Ұлт­тық денсаулық күні деп белгіленіп, соның аясында елімізде 23 қараша мен 12 желтоқсан аралығында сала­мат­ты өмір салтын насихаттаудың «Денсаулыққа 20 қадам» атты іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш акция халықтың денсаулығын сақтау және нығайту мә­се­ле­лері, аурулардың про­­филактикасы, сала­­матты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына жау­­­апты қарау бойын­­ша білімін арттыру, және т.б. бағыт­­тар­да жүргізілуде. Са­ла­­матты өмір сал­­тын қалыптастыру проблемалары ұлттық ор­та­лығының директоры, медицина ғылымдарының док­торы, профессор Жәмила БАТТАҚОВАМЕН бүгінгі әң­гімеміз жал­пыхалықтық іс-шараға айналып отырған аталмыш іс-шараның мақсаты, орындалу барысы жайлы өрбімек... – Жәмила Еркінқызы, әрбір қа­зақ­стан­дықты саламатты өмір салтын ұс­та­нуға, өз денсаулығын сақтауға бірдей жауапкершілікке тартуға шақырған мұн­дай ауқымды шара Қазақстанда ал­ғаш рет өткізіліп отыр. Ендеше, осы іс-шара жө­нінде кеңінен тарқатып айтып берсеңіз. – Өткен жылы денсаулық сақтау сала­сын дамытудың 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны баршаға белгілі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау саласындағы жұмыс­тар­дың тиімділігін арттыру. Қазіргі таңда елімізде аталған жобаны жүзеге асыру мақ­сатында түрлі іс-шаралар қолға алынып, атқарылуда. Міне, осы бағдарламада біздің салаға қатысты міндеттер жүктелген. Мы­салы, саламатты өмір салтын қалыптас­ты­ру және әлеуметтік мәні бар аурулар дең­гейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөс­пі­рімдер мен мектеп оқушыларының денсау­лы­ғы, және т.б. мәселелер қамтылған. Он­ың үсті­не, Елбасы биылғы халыққа арнаған Жол­дауында бұл мәселенің өмірлік маңы­зын тағы да көрсетіп, саламатты өмiр сал­тын қалыптастыру, адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгiн тәрбие­леу, әлеу­меттiк мәнi бар аурулардың алдын алуға барынша назар аудару – денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күн­делiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясат­тың ең басты бағыты болуы тиiс деп белгiлеп берді. Міне, осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау барысында Денсаулық сақ­тау министрі Салидат Қайырбекованың тікелей бастамасымен Ұлттық денсаулық күні деп белгіленген 12 желтоқсанға дейін «Денсау­лыққа 20 қадам» акциясы жарияла­нып, онда 25 нақты іс-шара қамтылды. Олар – әртүрлі семинарлар, ғылыми-прак­ти­калық конферен­циялар, арнайы маман­дар­дың қатысуы­мен аурудың алдын алу мәселелері бойын­ша медициналық кеңес беру мақсатында амбу­ла­торлық-емханалық мекемелерде «Ашық есік күнін» өткізу, сондай-ақ, медицина қыз­меткерлері ара­сын­да республи­ка­лық спартакиада, балабақшалар мен мектептерде «Ден­саулық апталығын», әр алуан тақы­рып­та дөңгелек үстелдер, денсаулық сақ­тау мекемелерінде денсаулық сақтау бұ­рыштары, әртүрлі аурулардың алдын алу жай­лы буклеттер, балалар тәрбиесі жөнін­дегі фото­бай­қаулар ұйымдастыру, халықты ақпарат­тан­дыру, БАҚ-тың көмегімен атал­мыш іс-шараның маңыздылығын насихаттау, т.б. – Ұлттық орталық елімізде саламат­ты өмір салтын қалыптастыру мәселе­сі­мен айналысатын бас мекеме болған­дық­тан, оқырмандарға түсінікті болсын, оның басты бағыт-бағдарынан, жұмыс жоспарынан да хабардар ете отырсаңыз... – Жалпы саламатты өмір салты дегеніміз – адам денсаулығы, дене тәрбиесі, спорт, таза ауада дұрыс демалу, яғни сали­қалы да сауатты өмір сүру десек, біздің СӨСҚПҰО-ы ғылыми негізде білім беретін, ағартушылықпен, практикалық тәжіри­бе­мен айналысатын бас мекеме болып табылады. Яғни, басты мақсаты мен міндеттері – саламатты өмір салтын қалыптас­тыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауық­тырудың түрлі жобалары мен тетіктерін ен­гізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарас қалып­тастыру. Алайда, Ұлт­тық денсаулық күні шеңберіндегі «Ден­саулыққа 20 қадам» шарасы осы бағыт-бағдары­мыз­дың заңды жал­ға­сы. Сон­дық­тан да бұл шара орта­лық­­тың жұмысын одан әрі нығайта түспек. Орталықтың 14 облыста және рес­публикалық маңыз­дағы Астана және Алматы қала­ла­рын­да саламатты өмір салтын қалыптас­ты­ру орталықтары жұ­­­­мыс істейді. Оған қоса әр ауданда бө­лім­шелеріміз бар. Олар облыстық ден­саулық сақтау департаментіне заңды түрде бағынғанмен, шын мәнінде ұлт­тық орталықпен жұмыс істейді. Өңір­лерде сала­матты өмір салты бойынша бар­лық страте­гиялық іс-жоспарлар жасалып, жетілдіріліп отырылады, әдістемелік көмек көрсетіледі. Барлық негізгі іс-шараларды өткізудегі тұжы­рымдамаларды дайындау Ұлттық орталық арқылы жүзеге асыры­ла­ды. Мысалы, сала­матты өмір салты жө­нін­дегі күндік, апталық, ай сайынғы, тоқ­сан­дық жоспарлар, қатерлі ісікке, темекіге қарсы күрес күндері, және т.б. көптеген тақырыптар ведомство басшы­сы бұйры­ғымен бекітіліп, жыл бойына осы бағыт-бағдармен жұмыс жасаймыз. Ал 12 жел­тоқсандағы Ұлттық денсаулық күні елімізде бірінші рет өткізілгелі отыр. Бұған дейін тек 12 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтетінбіз. Содан неге өзіміздің Ұлттық денсаулық күнін өткізбеске деген оймен, осы шараны ел Тәуелсіздігінің жи­ыр­ма жылдық мерекесіне арнап, денсаулық сақтау саласының жиырма жылдағы жетістіктерін көрсетуге тырыстық. Мұнда тек біздің орталық ғана емес, барлық бейіндік қызметтер, яғни, кардиохирургия, нейрохирургия, ұзақ жасау, т.б. осындай әр саланың медициналық мекемелері ашық есік күнін өткізіп, халыққа қызмет көрсететін болады. Жалпы біздің қызмет негізінен үш жағ­дайға басымырақ назар аударады. Біріншісі, халықты аурудың алдын алу мәсе­лелері бой­ынша сақтандыру, саламатты өмір сал­тын қалыптастыру дағдысымен ақпа­рат­тан­дыру, екіншісі скринингтік про­фи­лак­ти­калық тексеру, үшіншісі ведом­ство­аралық, сектор­ара­лық серіктестік қа­рым-қатынасты нығайту. Бұрынғы Кеңес Одағы тұсында бұл салада санитарлық ба­қылау жұмысы басымырақ болды. Ағарту жұмыстары ескі технологиямен жұмыс істеді. Мысалы, плакат, парақша тарату, дәріс оқу, пікірлесу, қабырғаға ілінетін көр­некі құралдар дегендей. 1998 жылы Пре­зи­денттің «Қазақ­стан-2030» стратегия­лық бағдарламасы негізінде саламатты өмір салтын қалы­п­тас­тыру жүйесі құрылғаннан, кейін де, сондай-ақ «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бой­ынша да орталық ведом­ство­аралық, сек­тор­аралық серіктестік қа­рым-қатынасқа бас­ты назар аударуда. Өйт­кені, кейбір мәсе­лелер денсаулық сақтау са­ласы шеңберінен шығып, білім, экология, тағы басқа, тіпті туризм саласымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс істеуді міндеттеп отыр. Соның негізінде бүгінде 7 министрлікпен бірігіп жұмыс істеу ту­ралы меморандумға қол қойылды. Мәсе­лен, «Денсаулықтың жеті сабағы» жоба­сымен біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жұмыс істейміз. Экология да бүгінде ең күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол да адамның денсаулығына әсер ете­ді. Ал түптеп келгенде, бәрі адамның өзі­не байланысты. Егер адам дұрыс тамақ­танып, белсенді түрде дене шынық­тырумен айна­лысып, жеке бастың гигиенасын сақ­тап өзіне көңіл бөлетін, үйде де, жұмыста да, тұрмыс­та да осы ережелерді қатаң сақ­тай­тын болса, көптеген жағдайлардан, аурулардан айналып өтуге болады. Міне, біздің орталықтың басты міндеті де сол, саламатты өмір салтын қалыптастыру жай­лы ақпарат, кеңес бере отырып, жоға­ры­да­ғы­дай шараларды жүргі­зу­ге мұрындық болу. – Жәмила Еркінқызы, бүгінде жаста­рымыз болсын, мектеп оқушылары бол­сын бос уақыттарын компьютердің ал­дын­­да өткізіп, күндіз-түні кішкене қоб­дишаның тұтқынына айналуда. Яғни, қимыл, қозғалыс жоқ деген сөз. Ендеше, жастардың келешегі ата-ананы да, қо­ғамды алаңдатарлық жағдайда. Осы ретте қандай жоспарларыңыз бар? – Дұрыс айтасыз, күні бойы отырып, дене шынықтырумен айналыспаған баланың де­не­сінің толық дамуы қайдан болсын. Оның ертеңгі күні жан-тәні сау, дене бітімі мықты тұлға болуына кері әсерін тигізері белгілі. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі балалар мен жасөспірімдер ара­сын­да белсенді дене қимылы және спортпен жаппай айналысуға ынталандыру сияқ­ты саламатты өмір салты мәдениетінің қо­ғам­дық маңызды аспектілеріне екпін түсі­ріп отыр. Алысқа бармай-ақ Ұлттық ден­сау­лық күні шеңбе­рінде «Денсаулықтың жеті сабағы» атты тұжырымдама жобасын дайындап, өткізілуі соның бір көрінісі болса керек. Яғни, бұл дегеніңіз, қауіпті фак­торлардың алдын алу – темекі, ішімдік, есірткінің зияны, белсенді дене қозғалысы, сондай-ақ жеке гигиенаның сақталуы, шы­нығу, дұрыс тамақтану. Бұл кешенді ережелер болашақта дені сау ұрпақты қалып­тас­тыруға қызмет етпек. Сондай-ақ биылғы жаңа оқу жылында Ден­саулық сақтау министрлігінің бастама­сы­мен еліміздің барлық мектептерінде 1 қыр­күй­ек білім күнінде «Денсаулығыңды күтуге дағ­дылан!» ұранымен «Денсаулық саба­­ғы-2011» өткізілді. Линейкаларға белгілі спорт­шылар, олимпиада жеңімпаздары, бас­қа да танымал тұлғалар, денсаулық сақ­тау саласының жетекшілері шақырылып, олар денсаулық жайлы дәрістер оқып, спорт­тың адам өміріндегі рө­ліне, саламатты өмір салтын қалыптас­ты­ру­дың маңызына тоқтал­ды. Алдағы уақытта осы іс-ша­раларды өткі­зу­ді дәстүрге айналдырмақшымыз. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.