Аймақтар • 25 Мамыр, 2018

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл мектепті 33766 оқушы бітірді, оның ішінде 26000 қазақ, 2834 орыс, 4605 өзбек, 327 оқушы тәжік сыныптарының оқушылары.

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

Түлектердің 1692-сі «Алтын белгіге», 1029-ы үздік аттестатқа үміткер. Жалпы биылғы оқу жылында облыстағы 1038 мектепте 634 мыңға жуық оқушы білім алды. Барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанаты  «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында өтті. Түлектерді құттықтау үшін Химия биология бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің соңғы қоңырау шарасына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекет жүзеге асырып жатқан реформалар мен атқарып жатқан қыруар істер жастар үшін жасалынуда екенін атап өтті. «Сіздер Елбасы армандаған «Мәңгілік ел» - идеясының құрылысшылары екендеріңізді ешуақытта естен шығармаңыздар. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға жас кезінен бастап дағдылануын басты назарға алды», - деді Жансейіт Түймебаев. Сонымен қатар, облыс басшысы мектеп кітапханасының қорына «Жаһан таныған жеті тұлға», «Түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері» атты туындыларды тарту етіп, ұрпақ тәрбиесі үшін тер төгіп жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Айта кетелік, биыл Химия –биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін 97 түлек аяқтады. Олардың 30-дан астамы шетелдік ЖОО-на құжат тапсырыпты.  Қазіргі таңда мектептің 17 түлегі  әлемдік рейтингтің үздік 100 университетіне кіретін Америка, Германия, Корея, Қытай, Ресей, Канада елдерінің жоғары оқу орындарында тегін оқу грантына ие болған.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше