«Цифрлық күнтәртіп - ЕАО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын фактор» сессиясына қатысу барысында ҚР Бірінші вице-премьері цифрланжыру ЕАО елдеріндегі еңбек және капитал ресурстарының көлемін ұлғайту және салааралық байланыс пен өнімділікті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, А.Мамин биылғы жылдың 17-19 мамыр аралығында өткен Астана экономикалық форумының аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық саладағы цифрландыру әлемнің жаһандық бес мегатрендінің қатарына жатқызылғанын атап өтті.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді жаппай енгізу басталып кетті. «Болжам бойынша, 2022 жылға қарай мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде ЖІӨ қосымша 30% өседі; экономиканы кеңейту және жаңа салаларды құру арқылы жаңадан 300 жұмыс орны ашылады» , - деді А.Мамин.
ЕАО-ға мүше-мемлекеттердің және цифрлық технология саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен Алматыда биылғы жылдың басында «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтті. Қазіргі уақытта ЕАЭО мүшелерімен бірыңғай кіріктірілген Еуразиялық экономикалық еңбек биржасын құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«Халықаралық салааралық теңдік және көлік дәліздері» сессиясында баяндама жасау барысында Бірінші вице-премьер әлемдік сауда көлемінің өсуінде көлік желісінің маңыздылығы артқанын атап өтті. 2017 жылғы Қазақстан экономикасының жылдам өсіміне сауда мен оған қатысты салалар көлемінің ұлғайғаны ықпал еткен. ҚР экспорт көлемінің артуы 2017 жылы 31,6% құрады. Транзиттік контейнерлік тасымал көлемінің артуы 42% жеткен. «Қазақстан Орталық Азияда әлеуетті экономикаға ие. Соңғы 12 жылда аймаққа салынған инвестициялардың 80% біздің мемлекетке тиесілі» - деді А.Мамин.