Өндіріс орны жас теннисшілердің алыс және жақын шет елдерге шығуына үнемі қолдау көрсетіп тұрады. Осындай талантты жас теннисшілердің қатарында Татьяна Николенконың есімін атауға болады. Бойжеткен биылғы көктемде Таиландта өткен Азия ойындарында екінші және үшінші орынды иеленген-ді. «Бұл ойындарды Азия құрамасын жасақтауға арналған іріктеу кезеңі деуге болады. Құрамаға іліккен спортшылар жазда Еуропада өтетін турнирге барады. Қызым қазір Алматыда жаттығып жатыр, бірақ турнирлерде Өскеменнің намысын қорғайды», - дейді спортшы қыздың әкесі Юрий Николенко. Ал Татьянаның өзі: «Мен үшін әрбір жарыстың маңызы ерекше. Маған жанкүйер болып, қолдау көрсетіп жүрген жандарға алғысым шексіз. Мені қанаттандырған «Smash» атты теннис орталығына рахмет айтамын», - дейді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН