Қазақстан • 26 Мамыр, 2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

152 реткөрсетілді

Биыл қала нағыз «жасыл желекке» айналғалы тұр. Астана әкімдігі елорданың 20 жылдығына орай қала аумағын жаппай көгалдандырып, тұрғындарға ыңғайлы кеңістік пен отбасылық демалыс орнын жасауға екпін беріп отыр.   

«Қаланың оң жағалауын саябақ пен гүлзарларға бөлеу біз үшін өте маңызды. Ескі сүрілген үйлердің аймағын біз коммерциялық нысандарға берместен (тұрғын үй, мейрамхана, қонақ үй), тұрғындардың өтініші бойынша ол жерлерге балалар мен үлкендерге арналған спорт алаңы бар гүлзарлар мен бульварлар саламыз. Осы жылы оң жағалауда 13 гүлзар, келесі жылы 5 гүлзар жайқалып тұрмақ. 

Ботаникалық бақ пен Линейный саябағы, «Арай» саябағын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Жалпы алғанда 18 объектіге 85 балалар ойын аттракционы мен 115 спорт тренажері, 18 футбол, баскетбол, теннис алаңы, 17 км веложол, 30 фонтан кешені, 12 км жүгіру жолы, 2 скейт-алаң салынады. Осының бәрі қалалық ортаның сапасын жақсартатынына сенімдімін», – деді Әсет Исекешев жұмыс бабымен қала аумағын аралау барысында. 

Астана әкімі жауапты тұлғаларға 1 шілде 2018 жылға дейін  7 саябақ пен гүлзардың құрылысын аяқтауды, ал жыл соңына дейін алтауын, 2019 жылы 5 гүлзар мен бульвардың құрылысына кірісу керектігін тапсырды. Осы айтылған саябақтар мен гүлзардың бәріне 120 гектар жер бөлінді. 

Осы және келесі жылы астанада салынатын әрбір саябақ пен бульварлар белгілі бір стильмен өрнектеліп, арнайы тақырыпқа сай жасалынады. Елорданың мерейтойы қарсаңында Біржан сал көшесіндегі № 5 үйдің маңайына салынып жатқан гүлзардың құрылысы аяқталады.  

Құрылыс барысында гүлзар «Чемодан саябағы» деген атау алды, себебі оның аумағы темір жол вокзалынан алыс емес және шағын архитектуралық формасы чемодан үлгісінде салынуда. Автордың ойынша мұнда балалар темір жолы пайда болмақ. Сол себепті құрылысшылар рельсті төсей бастады.  

Тағы бір гүлзар Пушкин көшесінде № 15 б үйінің маңайында салынып жатыр, оны «Қытай қорғаны» деп атайды. Мұнда балалар алаңы мен спорт тренажерлері орнатылады. Жергілікті тұрғындар аталмыш гүлзарда ұлттық асық ату ойынын да ұйымдастыра алады. 

Тағы бір демалыс орны Республика мен Дүкенұлы даңғылының қиылысында салынып, «Астрономдар мен ғарышкерлер гүлзары» деген атауға ие болады. Мұнда скейтдром, қоғамдық тамақтану орны, Эймс – үшжақты оптикалық иллюзиядан жасалған қисық айналар бөлмесі орналасады. Гүлзарда төбешік сырғанақтар мен балалар алаңшасы да ұмыт қалмайды. 

2018 жылдың соңына дейін Майлин көшесі, № 9 үйдің жанында тағы бір гүл бағы бой көтереді. Оның аумағына футбол, баскетбол, балалар ойын алаңы, тренажер және асық ойнайтын орындар салынады. Сарыарқа даңғылы № 27 үй ауданында тастардан жасалған гүл бағы пайда болады. 

Саябақтың ішінде тастар өте көп, сырттай қарағанда жапондық тас саябағын еске салады. Бұдан басқа, гүлзарда сауда павильондары, балалар ойын алаңы, спорт тренажерлері де қарастырылады. Осы аудандағы № 23 үйдің маңайына да математикалық гүлбақ пайда болады. 

Жоба бойынша мұнда шахмат бұрышы, шешімін таппаған аллея, «синусоид тақтасы», балалар ойын алаңы, спорт тренажері, велосипедшілер тұрағы қарастырылды. Абай даңғылында, Сембинов көшесінен Егемен Қазақстан газеті көшесіне дейін салынатын бульварға «Театрланған» деген атау беріліп, ол жерге амфитеатр салынады. 

Абай даңғылы бойынша Күлтөбе көшесі учаскесінен Сембиновке дейін, Егемен Қазақстан газетінен Бейсекбаев көшесіне дейін Әдебиет бульвары пайда болады. Бұл бульвардың сырттай көрінісі кітап сияқты болады, ал территориясына кітап сөрелері мен оқырмандар үшін орындықтар қойылады. Бульварда ойын алаңшалары мен спорт тренажерлері де орналастырылады. 

Кенесары көшесінде Егемен Қазақстан газеті көшесінен Бейсекбаевқа дейін қолданбалы өнер бульвары пайда болады. Мұнда үстел ойындары, сурет салатын қабырғалар, балалар ойын алаңшасы қарастырылған. Сондай-ақ сауда павильондарына да рұқсат беріледі. 

2019 жылы Астанада тағы 4 гүлзар мен бір бульвар ашылады. Оның бәрі де Молдағұлова көшесінде пайда болады. Жобаның авторы шағын архитектуралық форманы жануарлар мен өсімдіктер түрінде орналастырып шығады. Қалған гүлзарлар Жеңіс даңғылы, Есенберлин, Желтоқсан көшелерінде жасалады. Жаңа бульвар Жеңіс даңғылы қиылысы мен Жангелдин көшесінде салынады. 

Жобалау-сметалық құжатқа сәйкес, саябақтар мен гүлзарларда «1000 орын көше саудасы» бағдарламасы бойынша сауда орындары бөлінеді. Осы мақсатта кәріз, инженерлік және су өткізу желілері, суғару, жарықтандыру, шағын архитектуралық форма, гүлдер мен тал-ағаштар отырғызылады. 

2018 жылы 386 мың ағаш отырғызылады, оның 208 мыңы астананың жасыл белдеуіне, тағы 178 мыңы – гүлзар мен саябақтардан орын табады. Өткен жылы жалпы отырғызылған ағаштардың саны – 312 мың болған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаевтан қалған бағалы шежіре

Аймақтар • Бүгін, 10:09

«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:07

Бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан • Бүгін, 09:59

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Бүгін, 09:55

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Бүгін, 09:52

Тұтас ұлттың тұғыры

Әлем • Бүгін, 09:48

Ақжайықтағы археология алаңы

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Қазақстан • Бүгін, 09:31

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Бүгін, 09:24

Өткінші дүние

Руханият • Бүгін, 09:21

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Аманбай мен Жаманбай

Руханият • Бүгін, 09:04

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 08:59

Ұлт болып ұйысудың үлгісі

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Ұқсас жаңалықтар