10 Желтоқсан, 2011

Жұлдызды жиырма күн. Он алтыншы күн (11 желтоқсан): БІЛІМ

286 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сапалы білім беру Қазақстанның индустрия­ланды­рылуы­ның және инновациялық дамуының негізіне ай­налуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

 

УАҚЫТПЕН ҮНДЕС УНИВЕРСИТЕТ

Тәуелсіздіктің соңғы жылдары құрылған «Назарбаев университеті» қазіргі заман талабына сай жарақ­тал­ған ғылыми инфрақұрылымы бар бірден бір жоғары оқу орны екені даусыз. Жаңа дәуірдегі бұл университетке ең үздік ұлттық және халық­аралық зерт­теулер топтас­ты­рылып, оларға шығар­ма­шылық қыз­метті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағ­дайлар қарастырылған. Университеттің стратегиялық мақсаты: біріншіден – ғылым мен технологияда тың тенденция­лар­ды құруға және дамытуға қабілетті кәсіби маман­дар­дың жаңа ұрпағын қалыптастыру, екіншіден – білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оның жан-жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру; үшіншіден – оқу бағдарламаларын интерна­цио­налдандыру және әлемдік жоғары оқу орын­дарымен серіктестік қарым-қатынас арқылы әлем­дік білім моделін қалыптас­ты­ру; төртіншіден – білім алу үшін жағдайларды қам­тамасыз ететін қа­зір­гі заманға сай технологиялық инфрақұры­лы­мын құру, сондай-ақ әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу; бесіншіден – әлеуметтік  профес­сор­лық-оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру; алтын­шы­дан – университеттің ұлттық және халық­ара­лық беделін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен құрылған бұл университет келешекте еліміз­дің зияткерлік элитасын қалыптастыруды да мақсат етіп отыр. Қазір Назарбаев университеті әлемнің 30 үздік жоғары оқу орындары қатарына кіретін университеттермен ынтымақтастық туралы келісім шарт­тар­ды бекіткен. Мемлекет басшысының шешімімен университет ашылғаннан бергі екі жылдың әрқай­сы­сында 500 білім беру гранттары бөлініп, тек сол бойынша ғана жастар білім алып жатыр. Университетте 4 зерттеу орталығы жұмыс істейді. Олар: Өмір туралы ғылымдар, Балама энерге­ти­ка және халықаралық-пәнаралық, инструмен­тал­дық, білім беру саясаты зерттеулер орталықтары. Сон­дай-ақ, 6 мектеп (факультет) бакалавриат бо­йынша – инженерия, жаратылыстану, гуманитар­лық ғылымдар мектебі, медицина мектебі, магистратура және РhD бағдар­ла­масы бойынша 2012 жылдан бастап мемлекеттік сая­сат және бизнес мектебі жұмыс істейтін болады.

«Егемен-ақпарат».

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Қазақстан ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша 4-ші орынды иеленді.

***

Еліміз америкалық «Newsweek» қоғамдық-саяси журналының зерттеулері нәтижесінде білім беру деңгейі бойынша ең үздік 100 ел рейтингісінде14 орында.

***

51-ші халықаралық математикалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 98 ел өрендері арасынан 5 орынды иеленді.

***

2010-2011 оқу жылында оқулықтар сатып алуға 5 млрд. 941 млн. теңге бөлініп, білім беру ұйымдарының оқушылары оқулық­тармен 94,3 %-ға қамтылған.

***

Техникалық және кәсіби білім беруде 894 оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылар саны – 603,8 мың адамды құрап, 185 мамандық бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.

***

Халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастар аясында индус­трия қажеттіліктеріне сәйкес 39 мамандық бойынша модульдік бағ­дарламалар жасалды. 107 адам шетелдік орталықтарда біліктіліктерін арттырды. Кәсіптік лицейге 56 шетел оқытушылары шақырылды.   Қазір елімізде 6960 мектепке дейінгі ұйым болса, оның 2483-і балабақша, 4477-сі шағын орталықтар екен. Онда 480 мың бала тәрбиеленуде.

***

Тәуелсіздік жылдары ішінде Отаны­мызда 780 мектеп пайдалануға беріліп, 4 ауысыммен сабақ беру мүлде тоқтап, 3 ауысымды мектептер 76 бірлікке қыс­қарған. «100 мектеп» жобасы бойынша 104 мектеп салынып, пайдалануға берілген.

***

Еліміз бойынша 4,5 миллион адам білім алуда. Оларға 414,5 мың педагог дәріс оқып, тәрбие беруде.

***

Биылғы 1 шілдеден бастап мұғалім­дердің еңбекақысы 30 пайызға өссе, 1 қыркүйектен жоғары категориялары бар мұғалімдер біліктілігі үшін лауазымдық жалақысына 100 пайыз көлемде қосымша ақы алатын болады. Бұған бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінген.

***

«Дипломмен – ауылға» жобасының шеңберінде 12 мың маман ауылдық жерде жұмыс істеуге бел буған. Олардың 2 мың­нан астамы тұрғын үй алу үшін 1,9 млрд. теңге көлемінде пайызсыз несие алған.

__________________________

Айқарма беттің материалдарын ұйымдастырған  Берік САДЫР.