10 Желтоқсан, 2011

Келелі асулар алда

330 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Тәуелсіздікке қол жеткізген ал­ғашқы күннен бастап білім беруді дамыту ісі Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­­ның тұңғыш Президенті Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев саяса­ты­ның басым бағыттарының бірі болды. Егемендіктің алғашқы жыл­да­рын­дағы қиындықтарға қара­мас­тан, Конституцияда азаматтардың міндетті тегін орта білім алу құ­қы­ғы бекітілді. Сол кезеңнің өзінде Ел­ба­сы­ның бастамасымен әлемде еш тең­десі жоқ ерекше білім беру жобалары жүзеге асырыла бастады. Бұл, ең алдымен, 1993 жылы өз жұ­мысын бастаған «Болашақ» бағ­дарламасы бойынша дарынды та­лап­керлердің әлемдегі ең үздік оқу орындарында білім алуы десек, мыңға жуық қазақстандықтар бұ­рын қолжетімсіз болған білімге ие бо­лып, тәуелсіз Қазақстанды құру­дың жаңа міндеттерін шешуге қа­тысты. Әлі күнге дейін «Болашақ» бағдарламасы өзекті болып келеді. Ендігі кезекте аталмыш бағдар­ла­ма инновациялық серпінге магистрлер мен ғылыми қызметкерлерді дайындауға бағытталған. «Дарын» Президенттік жобасы 14 жылдың ішінде мыңға жуық дарынды, талантты балаларды анық­тады. Олардың халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарындағы айқын жеңістерін әлем мойындап, қазақстандық мек­теп­тердің білім көрсеткішінің жоға­ры деңгейін танытып отыр. Зияткер ұлт қалыптастыру бо­йын­ша жоғарыда аталған жоба­лар­дың логикалық жалғасы ретінде Ел­ба­сының бастамасымен жаңа жо­ба­лар қолға алынды. Бұлар: «Н­а­зар­баев Университеті» мен «На­зарбаев Зияткерлік мектептері» болып табы­ла­ды. Аталған оқу орындары отан­дық мектептер мен жоғары оқу орындарының басты бағдары болумен қатар, әлемдік сапа стан­дарт­тарына сай, білім саласындағы үлгі тұтар оқу орындары болуды мақсат тұтып отыр. Соңғы 10 жылда білім беру жү­йесін қаржыландыру 7,5 пайыз­ға өсті. 2011 жылғы мемлекеттік бюд­жет­тен білім саласына бөлінген қар­жы 900 млрд. теңгеге жуық болды. Бұл ІЖӨ-нің 4,2 пайызын құрайды. Қазақстанда 5-24 жас аралы­ғындағы халықтың 75 пайызы біліммен қамтылған болса, білім са­ла­сында 414,5 мың педагогтар мен ғалымдар қызмет атқаруда. Мектепке дейінгі білім беру жә­не тәрбиелеу ісінде 2010 жылы Елбасының тапсырмасымен енгізілген «Балапан» бағдарламасы зор рөл атқарып келеді. Балабақ­ша­ларды қайта жөндеуден өткізу мен жаңа балабақшалар салудың, мектеп базасында шағын орталық­тар­ды ашудың, жекешелендірілген және бұрын жалға берілген мекемелерді қайтарудың нәтижесінде мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 2 жыл ішінде екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды: 3-6 жас аралығындағы балаларды біліммен қамту 36,2-ден 65,4 пайыз­ға, кейбір өңірлерде 90 пайызға дейін жетті. Бүгінде 538,5 мың бала 7591 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие алуда. 20 жыл ішінде 800 мектеп са­лынды. Мұндай көлемдегі құ­рылыс Ресейді есептемегенде, ешбір посткеңестік елдерде болмаған. 2,5 млн. оқушы 7775 мектепте бі­лім алып жатқанын айта келіп, Қа­зақстанның ЮНЕСКО-ның білім беру индексі бойынша 4 жыл қата­ры­нан әлемдегі үздік төрттік­тің қа­та­рында, екенін де айта кетсек дейміз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы жыл­дан бастап мемлекет жыл са­йын мүмкіндігі шектеулі 3000 ба­ла­ны қа­шықтықтан оқыту үшін компьютермен, интернетпен, бағ­дар­лама­лар­мен қамтамасыз етуді қолға алды. Тәуелсіздік жылдарында тех­ни­калық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымдары 185-ке өсті. Қазіргі таңда 600 мың­нан астам оқушы білім алатын 896 техникалық және кәсіптік білім беру орындары жұмыс істейді. Кадр­лар­ды даярлау 185 (495 біліктілік) мамандық бойынша жүргізіліп отыр. Мемлекет көлемінде міндетті түрде жұмыс берушілердің қатысуы­мен корпоративтік басқару жүйесі енгізілуде. Кадрларды даярлау мәсе­ле­лерін шешу үшін бизнес-қауым­дас­тықтар мен жұмыс берушілердің қа­ты­суымен техникалық және кә­сіп­тік білім беру бойынша Ұлттық кеңес құрылды. Өңірлік және сала­лық кадр мәселесін шешу үшін 14 салалық және 16 өңірлік кеңес құрылды. Қазақстан ТМД елдерінің ара­сында алғашқылардың бірі болып жо­ғары білім алу мақсатында студенттер үшін қарыз алуды қолдана бастады. 11 жылдың ішінде жоға­ры білімді кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс 2 есеге өсті: 2000 жылы 18 мың грант болса, 2011 жы­лы оның көлемі 36 мыңға дейін өсті. Кадрларды даярлаудың 3 саты­лы үлгісі енгізілді: (бакалавриат-магистратура-докторантура PhD), бұл үлгі озық дамыған елдерде қолданылып келеді. Қазақстан Орта Азия елдеріндегі еуропалық білім кеңістігінің (Болон процесі) толыққанды мүшесі болған ал­ғаш­қы мемлекет болып саналады. 2011 жылы алғаш рет 350 студент мемлекеттің қаржылан­ды­руы­мен посткеңестік елдерге, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай, Корея елдеріне бір жылдық акаде­мия­лық кезеңге жіберіле бастаған болса, елімізде инновациялық қыз­метке бейімделген зерттеу университеттері және жоғары оқу орын­дары құрылуда. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы білім беру жүйесіне нақты жаңа бағыт берді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, жаңа «Ғылым ту­ралы» және өзгертілген «Білім туралы» Заңдар қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыты – педагог маман­дығының мәртебесін көтеру болып табылады. Біліктілік пен соңғы нәтижеге байланысты еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізілді. 1 қыр­күйек­тен бастап, техникалық және кәсіп­тік білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен шеберлері біліктілік санаты үшін негізгі еңбекақы мөлшеріне 100 пайыз үстемақы ала бастады. Сондай-ақ біз педа­го­гикалық кадрларды даярлау және қайта даярлаудың жаңа моделіне көшудеміз. Оқытудың сапасын арт­тыру мақсатында педагог ма­ман­дарды даярлайтын жоғары оқу орындарының жалпы саны азай­тыл­мақ. Оларда жоғарғы мектептің үздік педагогтары жинақталады. Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Педагогтардың біліктілігін дамытудың Ұлттық орталығы» холдингі жанынан Педагогикалық шеберлік орталығын құру жұмысы басталып кетті. Олар аталмыш жүйені жаңғыртудағы тұжырым­да­малық негіз болмақ. Холдинг бар­лық облыстық біліктілікті арттыру институттарын, сонымен қатар Қа­зақстанның алдыңғы қатарлы пе­да­гогикалық жоғары оқу орын­дары жанындағы 5 педагогтардың біліктілігін арттыру орталықтарын біріктіреді. Мұғалімдерді қайта даярлауда ваучерлік-модульдік қаржылан­дыру – басты мәселелердің бірі. Педагогтер үшін ваучер дегеніміз – мұ­ғалімнің өз біліктілігін жетілдірудегі географиялық орынды анықтауы. Осылайша педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі өзінің ұйым­дастыру құрылымының, маз­мұ­ны­ның, әдістемесінің негізінде әлем­дік тәжірибеге сәйкестен­ді­ріледі. Алдымызда келелі асулар тұр. Мектепке дейінгі білім беруді 100 пайыз қамту, 12-жылдық білім беруге көшу, әлемдік деңгейдегі колледждерді салу, әлемдік үздік рейтингке өзіміздің жоғары оқу орын­дарымызды енгізу. 20 жылдық тәжірибе жоғарыда аталған келелі міндеттерді жүктеп отырған басты мақсатқа жету үшін зияткер ұлт және инновациялық экономиканы қалыптастыру ісін қолға алуға күш береді. Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Білім және ғылым министрі.