12 Желтоқсан, 2011

Бәрі де бақытты болашақ үшін

826 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша қасиеттерінің бірі  – болашақты көрегендікпен бол­жап, соған орай икемді шаралар кешенін жа­саудың қажеттілігін айта білуі. Қазіргі мың­жыл­дықтың басы біздің планетамызды жаулап алған қаржы-экономикалық дағдарыс пен адамдардың агрессивті қарым-қатынасына табиғаттың адек­ват­ты реакциясымен байланысқан жаһандық қиын­дықтармен ерекшеленеді. Бұл барлық адам­заттың болашағы туралы терең тол­ға­нуға, өмір сүруге талпынудың икемді жолдарын іздеуге жетелейді. Мұндай баламасыз істер мемлекеттер мен өркениеттер серіктестігі үнқатысуы негізінде ғана мүмкін болады. Сон­дық­тан да жалпы ға­лам­дық ауқымда қарама-қайшылық жары­лы­сын болдырмау қа­жет. Әлем бір полярлы  бола алмайды, бұл келеңсіз жағ­дайға әкеледі, тіпті жаппай қарулануға, ядролық арсе­нал­дың тарап кетуіне түрткі болады. Экология мәселесі, климат жағдайы мәселелері ұмытылады. Рух­а­ни­лық пен әдеп, мәдениет пен тұлғаның зияткерлік дамуы көлеңкеде қалады. Достық, сенім, махаббат идеалдары біржола жоғалады. Әлемдік қоғамдастықтың құлдырауын уа­қы­тында тоқтатып, оны болдырмау – әлемдік қоғамдастықтың басты міндеті. Шынына келсек, жақын болашақта жер өркениетінің алдын­да гамлеттік «болу немесе өлу» деген сауалы тууы мүмкін. Осы мәселелердің алдын алу жол­дарын Президент Н.Назарбаев айтып берді. Оны біз «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениет серіктестігі» моно­гра­фиясынан таба аламыз. Елбасы мо­но­гра­фиясынан жаһандық өзекті мәсе­лелерді шешудің бірнеше стратегиялық негіздерін кө­ру­ге болады. Олар өркениет пен мемлекет серіктестігі, әлемдік валюталық жүйенің түбе­гейлі өзгеруі, энергия­лық экологиялық қауіпті жеңіп шығу және т.б. Н.Назарбаевтың пікірінше, осы стратегия­лар­ға ортақ ерекшелік –  олардың шешімдерін бел­гісіз болашақтан емес, бүгінгі күннен іздеу керек. 2010 жылы Астанада өткен  III эко­но­ми­калық форумда Мемлекет басшысы тағы бір рет қазіргі заманның өзекті мәселесін былай деп атап кетті: «Жаһандық экономикалық жүйе әлі де әлсіз және әлем  дағдарыстан кейін дамуы үшін жаңа жоба іздеуде. Сондықтан да дәл қазір ойынның жалпы ережесін құру, жаһандық дең­гейде экономикалық дамудың негізгі принциптерін жасау маңызды». Елбасы өзінің  зор да­ры­нының арқасында болашақтың әлеуметтік-саяси және экономикалық даму беталысын  көре білді, оның аталған кітабында әлемдік қоғамдастықтың болашақтағы дамуының арқаулық ережелері атап көрсетілген. Ең алдымен, Президент Ресей мен Қазақстанның ғылыми ұйымдарын қол­дап, олардың жұмысына қатысып,  2050 жыл­ға дейін «Өркениет болашағы» атты жа­һан­дық болжам  жобасы жасалып жатқанын жариялағанын ерекше атап өткім келеді. Көптеген істерді адамзат болашақта серіктестік негізінде істеуі керек. Әлемдік маңызды басымдықтар қатарында, мысалы, Беринг бұ­ға­зы арқылы тоннельмен Еуразия-Америка құр­лықаралық магистралі­нің Еуразия каналын салу жобасы бар. Мұн­дай жобалар Қазақс­тан­да­ғы Арал мәселесін шешу үшін Сібір өзен­дерін құр­лықтың оң­түс­тігіне бұруды қолға алу мүм­кіндігінің бар екендігін көрсетеді. Со­ны­мен қа­тар, техноло­гия­лық, ин­новациялық және жа­һан­дық  инно­вациялық интернет-уни­­вер­ситет­тің Бүкіл­әлем­дік банкін құру, ғарыш­тық кеңіс­тік­ті игеру серіктестігі, га­лактиканы зерт­теу жә­не жерден тыс өр­ке­ниетті іздеу мә­се­ле­лерін қолға алу­дың алыс еместігі бол­жан­ған.  Әлем­­­дік қо­ғам­дас­тық Антарктида мен Арк­­ти­ка­ға үлкен қы­зы­ғу­шы­лық таныту­да. Ма­­ман­­дар­­дың баға­лауы­н­­­ша, соң­­ғы­сын­да он­да­ған млрд. баррель мұнай қо­ры және квадриллион текше метр табиғи газ қоры бар. Н.Назарбаев өз кіта­бын­да: «Мемлекет­тер­дің өзара қарым-қаты­на­сы мәселелері, дау-жан­жалдарды түбегейлі еңсеру негізінде, яғни барлық адамзаттың тұ­рақты дамуы мен жа­һан­дық  өркениет негізінде диалог пен серіктестікке көшу сияқты мәселелер XXI ғасыр үшін ерекше маңызды», деп түйіндейді. Президент әлемдік қоғамдастық институты мен серіктестік тетігіне  талдау жүргізеді. Серік­тес­тік­тің жаһандық үрдісін басқару функциясын беделді халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады. Олар БҰҰ, «Үлкен  жиырмалық», «Сегіздік»,  ЕО, ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ТМД, ШЫҰ жә­не тағы басқа ұйымдар. Осыған байланысты Ел­басы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жылында өр­кениеттердің өзара ықпалдастығы бо­йын­­ша осы Ұйымның барлық мүмкін­дік­терін барын­ша мо­лынан пайда­лан­ған­ды­ғының куәсі болдық. Біз ЕҚЫҰ Мемлекет басшыларының 7-ші саммиті Астанада өткенін білеміз. 11 жылдық үзілістен кейін Қа­зақ­станның елорда­сы­­на Ұйымға мүше 56 ел­дің бас­шы­лары жи­налды. Бұл кездесу ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық ету­дің соңғы онжылдықтағы өзін­дік саяси ша­рық­тау шегі болды. Н.На­зар­баев­тың ойынша, ө­р­ке­ниет­тер серіктестігін дамыту жолындағы  ЕҚЫҰ-ның келесі қадамы жеке принциптер мен бағытты ай­қын­дайтын бір­ыңғай құжат жасай отыра,  Еуропа мен Азияның алдағы толық ауқымды  ин­те­г­ра­циясы болуы ке­рек. Оның ішінде, Ресей, Беларусьпен Кеден одағы шеңберінде іске асқан ше­каралардың ашылуы мен сауданың дамуы, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ІЖӨ-нің 85%-ын құрайтын еуроай­мақ шеңберінде ЕО үлгісімен Біртұтас эконо­ми­калық одақ құру идеясының іске асуы да бар. Көлік және  ком­муни­ка­циялық инфрақұры­лым­ды құру ісі де маңызды. Бұған XXI ғасырдың Ұлы Жібек жолы – Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолын салу үлгі бола алады. Сонымен қатар, еуропалық және азиялық қаржы рыногының өзара әсері мен инте­г­ра­циясы, қаржылық реттеуді жүзеге асыру және үндестігін табу, бірінші кезекте, ұлтаралық валютаны енгізу маңызды іс болмақ. Ауыстыру мен адами ресурстардың дамуы, үздіксіз ғы­лым және сапалы білім негізінде зияткерлік әлеует­ке өзара ену, экологиялық және азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету арқылы өмір сүру жағ­дайын түзету маңызын асыра бағалау қиын. Осы­лайша, Н.Назарбаев күн тәртібінде ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемін­де еура­зия­лық дағдарыстан кейінгі интеграция мәселесін қояды, осы жұмысқа Азия елдерін тарту  мүм­кін­дігі максималды түрде маңызды орынға ие.  Ма­териктің жүрегінде орналасқан Қазақстан еу­ра­зиялық интеграцияның бастамашысы және үй­лестірушісі бола алады. Еліміз Орталық азия­лық мемлекет бола тұра және көрші елдердің ерек­шелігін түсіне отыра, өзара қауіпсіздік пен құн­дылықтарын жүзеге асыратын өзінше бір интерфейс болады. Бұл жерде еуразиялық көпір­дің – Батыс пен Шығыстың арасындағы құнды­лық­тарын қосатын көпір доктринасы аса маңызды. Ол көпір Қазақстан болады. Осыдан Мемлекет басшысының өркениет серіктестігі туралы идеялары қазіргі әлемнің экономи­ка­лық және саяси мүдделеріне жауап береді. Адамзат күшімен шешілетін маңызды  мә­се­лелер ішінде ең мағыналысы энергия өндіру. «Адамзат үшін көптеген өзекті мәселелер ара­сында энергиялық-экологиялық дағдарыс мәсе­ле­сі, теңестірілген энергетикалық қауіпсіздік құру және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндігі сенімсіздікке әкеледі», деп жазады Н.Назарбаев өз кітабында. Меніңше, ол осы ойымен бәрі­мізге жалпы міндет жүктейді. Бұл міндетті әлем­дік қоғамдастық бірігіп шешуі жөн. Осы күнге дейін біз Чернобыль мен оның зар­даптарын естен шығарғанымыз жоқ. Ал енді Жа­пониядағы АЭС реакторлары әлі көп жыл­дар бойы қоршаған әлем үшін қауіптің негізгі ошағы болып қала береді. Стансадағы радиация деңгейі нормадан 100 есе асады. Аэрозоль­дің мұхитқа енуі әлемдік қо­ғамдастықта әр түрлі онкологиялық ауру­лар­дың өршуіне әкеледі. Сонымен қатар, радио­нук­лид­тер­дің теңіз азық-түлігі арқылы адамға берілу қау­пі бар. Бұзылу әрекетін плутоний туғызады, оның жартылай жоғалуына 26 мың жыл керек. Бұл апат әсерінен әлемді не күтіп тұрғанын көзге елестетудің өзі қиын. Қазіргі кезде әлемде 191 атом стансасы жұмыс істейді, олар барлық электр­энер­гия­сы­ның 14%-ын өндіреді. Дәстүрлі органикалық отынды жағудың технологиясын пайдалану арқылы атомнан бас тарту Жер шарында 0,5 миллион тонна көмірқышқыл газы кемуіне әке­леді. Ал атом стансасы болса, әлем бойынша са­лы­нып жатыр. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 2030 жылға қарай 40 ядролық блокты іске қосу жоспарлануда. Бірақ, болашақта адамзат ядро­­­лық арсеналды «бейбіт» атомға көшіруді шешуге ұм­ты­латыны анық. Басқа балама жоқ. 2010 жылғы экономикалық форумда Н.Назарбаев энергия-экологиялық өркениет серіктестігі стратегиясы негіздеріне жаңа тармақтар қосты. Бұлар оның кітабында жазылған мәсе­ле­лер, ол өз ойын былайша түйіндейді: «Әлем жаңа эколо­гиялық қауіпсіз технологияларға, оларды тез арада ауыстыруға және кең түрде жаңаша энергия көзін пайдалануға зәру. Қазақ­стан жаңа  эколо­гия­лық декларация құру бас­та­масын ұсынды, мұны Еуропа мен Азия елдері арасындағы «жа­сыл көпір» деп атайды. Бұл экологиялық қауіп­сіз­дік пен «жасыл эко­но­миканы» қалып­тас­тыру­ды қамтамасыз ету үр­ді­сін жақындатуға және жеделдетуге мүмкіндік береді». Қазіргі кезде кәдімгі ландшафтты қорғау мә­се­лесі өткір мәселе болып отыр. Мәселенің ма­ңыз­ды бөлігі олардың болашақта дамуына болжам жасау, табиғатта бар табиғи тепе-тең­дікті сақ­тау, адам әрекеті әсерінен болған ке­леңсіз жағдайлардан кейін оны қалпына келтіру болып табылады. Қалай да табиғаттың эти­ка­лық, эсте­ти­калық, мәдени құндылық­та­рын назарға алып, флора мен фаунаға адам­дар­дың қайырымды қасиетін қалыптастырумыз керек. Табиғат және айналамыздағы тірі нәр­селер жер­де өмір сүруге толық құқығы бар. Бұл жағ­дайда адамның мис­сиясы жеке экс­пан­сияны шектеумен қатар, та­биғи әртүрлілікті қор­ғау болуы тиіс. Бірақ дағ­да­рыс кезеңінде басқа да өткір технологиялық және эконо­ми­калық тәр­тіп мәселелерімен бай­ла­ныс­ты табиғи апаттар болып жатады. Сондықтан да әлемдік қоғам­дас­тықтың барлық мүшелерінің кү­шін біріктіру мақсатында жаһандық өзара әре­кетті ны­ғай­ту бойынша дереу шаралар қол­дануы­мыз керек. Экологиялық мәселелер табиғи отынды қолдану жеделдігіне өз  түзетуін енгізді. Н.Назарбаев кітабының тұсаукесерінде оның толық ғылыми трактат екендігі мойын­дал­ды. Сон­дықтан монография, еш күмәнсіз, өзінің жал­ғасын табады. Қазіргі кезде адамзат бір жағынан ядролық қаруға деген жеккөрі­нішті сезімін білдірсе, екінші жағынан бейбіт атомның жасам­паз­дық күшін де түсінеді. Бұл сезімдер пропор­ция­сы аса маңызды.  Сонымен қатар, ядросыз  әлем жасау және оны дамыту идеясы туралы Н.На­зар­баевтың бастамасы да аса маңызды. Адамзатқа қауіпсіз даму сценарийі қажет. Сондықтан халықаралық құқық нысандарына қарым-қатынасымыз қандай болса, жердегі энер­гетика мен экология мәселелеріне де сондай қа­рым-қатынаста болуымыз керек. Жалпы, әлем­дік беталысты мынадай жағдайда, яғни Шығыс пен Батыстың арасындағы құқықтар мен міндет­тер­дің тең бөлінбеуін, оның үстіне Шығыс әлемдік мұнай қорының 2-ден 3 бөлігін алып жатқанын ескере отырып қарастыру керек. Болашақ жаһандық құқықты жасауда энер­ге­тика мен экологияны реттеу бөлігінде Еуро­па­лық Одақтың нормативті құқықтық базасы қызмет ете алады. Осыған байланысты олар жинаған  тәжіри­бе­ні әлемдік деңгейде қолдану перспективасы мен мүмкіндігін зерттеу керек. Техногенді апат пен төтенше жағдайлар туған кезде, халық денсау­лы­ғы мен экологияға зиян тигізгені үшін халық­ара­лық санкция мен өтем­ақыны қоса отыра, ел жауапкершілігін жаһан­дық  анықтауда, әлемдік қоғам­дас­тық алдында, мемлекет пен азаматтардың құқығы мен міндеттері негізінде бұл құжаттың жасалу уақыты мен қажеттілігі пайда болды. Әр топтағы және дамудың әртүрлі дең­гейін­дегі Еуропа, Америка, Азия – Тынық мұ­хит елдерінің, Африка елдерінің өзара үнқа­ты­суы осындай заң шығарушы құжат базасында ғана мүмкін болады. Сондықтан қазіргі әлем­нің  шы­найылығы мен қиындығын, энергия­лық-эколо­гия­лық құқықтардың бәрін тегіс қам­ти алатын планетарлық деңгейдегі құқықтық құжатты, мен оны Жер өркениетінің консти­ту­циясы дер едім, қабылдауға білек сыбана кірісуіміз керек. Хусаин ВАЛИЕВ, Парламент Сенатының депутаты.